• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды.

turan_admin turan_admin
10.05.2025, 17:14
Қоғам, Облыс жаңалықтары
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды
96
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мәдениет ошағының лентасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай салтанатты түрде қиылды.

Ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және өңір тұрғындары қатысты. Қонақтар мұражайды аралап, тау тұлғаның өмір жолы мен қаһармандық бейнесін, сондай-ақ соғыс жылдарындағы ерлік шежіресін тамашалады.

Көрмеге Бауыржан Момышұлының балалық шағы, әскери қызметі, отбасы жайлы тың деректер, сондай-ақ жеке заттары мен құжаттары қойылған.

Экспозицияда полковник шеніндегі шинелі, батырдың өзі сызған әскери карта, сондай-ақ «Ұшқан ұя» мен «Артымызда Мәскеу» шығармаларын жазған қаламы мен сиясауыты да көрермен назарына ұсынылды.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына батырдың өзі тарту еткен жеке маузері, Кеңес Одағының Батыры Алтын Жұлдызы мен Ленин орденінің көшірмелері, айдаһар бейнеленген қылышы, сондай-ақ сирек кітаптары мен фотосуреттері де қойылған.

Сонымен қатар бейбіт күндері киген киімдері мен ыдыс-аяқтары – күміс қасықтар, ағаш тостағандар, қымыз шөміші, шай ішетін ыдыстар мен домбырасы көрмеге ерекше мазмұн беріп тұр. Батырдың өзі ойған өрнектерден тұратын альбом, Құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық пен өзге де марапаттау құжаттары да экспозициядан орын алған.

Көрменің бірегей жәдігерлерінің бірі – Бауыржан Момышұлы Қызыл Армия қатарына алғаш шақырылған 1932 жылы және запасқа шығып, елге оралған 1956 жылы өзімен бірге болған чемодан мен соғыс кезіндегі батальон, полк, дивизияның құпия құжаттары сақталған темір сейф.

Сондай-ақ көрмеден батыр киген шинель, етік, папаха, маузер қаруы және шығармашылыққа бет бұрған кезеңіндегі 70-тен астам қолөнер туындылары – оюланған фигуралар ұсынылған.

Түпнұсқада Тахауи Ахтанов пен Әбділда Тәжібаев секілді қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері отырған үстелі, батырдың соғыс жылдарынан бері қасында болған үстел шамы, компасы, сағаты мен фортепианосы да келушілердің ерекше қызығушылығын тудыруда.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.