• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда бала қауіпсіздігіне негізделген жаңа жоба іске қосылды

turan_admin turan_admin
21.05.2021, 14:21
Облыс жаңалықтары
Таразда бала қауіпсіздігіне негізделген жаңа жоба іске қосылды
210
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Тараз қаласындағы №53 мектеп-гимназиясына алғашқы пилоттық жоба ретінде қауіпсіздік құрылғылары орнатылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған мектепке арнайы барып, қондырғының жұмыс істеу процесімен танысты.

Дамыған мемлекеттерде іске қосылған қауіпсіздік жүйесі өңірлер арасында алғашқылардың бірі болып, Таразда іске қосылып отыр. Цифрлық технолигиялар басқармасының басшысы Архат Байқазақовтың айтуынша, баланың мектепке барып-қайтуын қадағалайтын бұл жаңа жоба ата-ана мен оқушы үшін өте тиімді болмақ. Оқушының қоғамдық көлікпен жүруге арналған арнайы «Tulpar сard» картасына бірнеше жүйе біріктірілген. Мәселен бала үйден шығып, автобусқа мініп, картасын арнайы валидаторға басқаннан кейін бірден анасына немесе әкесіне автобусқа мінгендігі туралы хабарлама келіп түседі. Онда бала қай автобусқа мінгендігі, ол көліктің нөмірі көрсетіледі, жүйе жалғаса береді. Мәселен бала мектепке келгеннен кейін арнайы орнатылған турникеттерде «Tulpar сard» компаниясымен интеграция жасалған, яғни деректер базасы біріктірілген. Ал мектеп ғимаратының кіреберісіндегі турникет арқылы оқушы бетінің биометриялық параметрімен және картамен де кіре алады.

«Tulpar» мен «Balapey» компаниялары біріктіріліп, мектеп асханасына арнайы жүйеменжабдықталған. Бұл жүйе арқылы бала өзіне керекті тамақ мәзірін таңдап, «Tulpar» картасы арқылы төлейді. Мәзірді таңдауына ата-аналардың да араласуына болады. Мұның тағы бір тиімділігі – осылайша, баланың денсаулығына жақпайтын тамақтар алмауын, қанша ақша жұмсады, бәрін бақылап отыруға мүмкіндік бар. Ең бастысы баланың қалтасына ақша салып жүрмеуінің өзі қауіпсіздікті барынша арттыратыны сөзсіз.

Жүйе қалай жұмыс істейді? Қанша минутта ата-анаға хабарлама келіп түседі? Қысқасы, цифрлық басқарумен баланың іс-әрекетін бақылауға болатынын – ауызша айтқанша, көзбен көрген дұрыс. Дильназ есімді 9 сынып оқушысы облыс әкіміне осының барлығын анасымен бірге жүріп, іс-жүзінде көрсетті.

Жоғарыдағы аталған процестердің барлығын бала қалай жасағанын – ата-анасы смартфонына келген SMS хабарламалар арқылы көріп, бақылап отыра алады. Мұның бәрі әзірше телеграмм бот арқылы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта арнайы қосымшасы іске қосылып, мектептердегі камералар цифрлық жүйеге ауысады. Облыстық полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс басқармасы тікелей бақылай алады. Егер мектепте төтенше жағдай орын ала қалса, бірден электрондық дабыл іске қосылып, жедел жасақ жіберіледі.

– Орнатылған жүйелерде барлық системамен, яғни полиция, төтенше жағдай, білім басқармалары және тағы да басқа мүдделі органдармен интеграция болуы керек. Ең алдымен бұл жүйе Тараз қаласындағы мектептерде іске қосылады. Содан кейін аудан орталығындағы білім ошақтары да қамтылады. Әрбір мектепте электронды дабыл қоңырауын қоюды ойластырыңдар. Оқушыларды, мұғалімдерді, қызметкерлерді жазғы демалыс кезінде осы жүйеге оқыту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мұны толығымен жүзеге асыруға тиіспіз, — деген облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына жүйенің тиімділігі мен жұмсалатын қаржы көлемін нақты есептеп, жұмысты кешенді түрде ойластыруды тапсырды.

Алғашқы пилоттық жоба ретінде Тараз қаласындағы 10 мектепке осы жүйе орнатылатын болады. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев өзіне міндеттеме алған компания өкілдеріне атқаратын жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды қатаң ескертті.

– Мектептің кіреберісіне орнатылған металіздегіштен және турникеттен бір уақытта қанша бала кіріп үлгереді? Кезек күтіп тұрып қалмай ма? Осы жағын да ойластырып, балалардың барлығы бірдей келгенде ешқандай кедергі туындамайтын жолды қарастыру қажет. Бізге керегі – әке-шешесі баласының мектепке келіп-кеткенін хабардар болып, алаңсыз отыруы. ID карта тек қана мектеп асханасының жүйесіне ғана қосылған болуы керек, сырттан ештеңе алмағаны дұрыс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, мектептегі барлық камералар облыстық полиция департаментінде орнатылған арнайы «Мерген» интелектуалды автоматтандырылған жүйесіне қосылған. Барлығы онлайын жүйеде бақылауда болады. Облыс әкімі жауапты мамандарға барлық мектептердегі камераларды және электронды дабыл тетіктірін де осы жүйеге қосудың жолын қарастыруды жүктеді.

Бұдан кейін облыс әкімі Жамбыл инновациялық жоғары колледжіне бас сұғып, ондағы атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген Бердібек Машбекұлы тиісті сала мамандарына жүйелі жұмыс істеуді керектігін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.