• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда ауқымды заманауи салтанат сарайының құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердегі әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Тараз қаласында соңғы үлгідегі 1 300 орындық ауқымды Салтанат сарайының құрылысы басталды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
24.08.2026, 22:12
Қазақстан жаңалықтары
Таразда ауқымды заманауи салтанат сарайының құрылысы басталды
53
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Балауса» (14) шағын ауданында бой көтеретін әлеуметтік нысанның іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Салтанат сарайы Тараздың мәдени-рухани өміріндегі ірі нысандардың біріне айналмақ. Жобаның құны – 18,5 млрд теңге. Нысанның жалпы аумағына 5 гектар жер қаралса, негізгі ғимараттың ауданы 13 мың шаршы метрді құрайтын болады.
Ірі кешеннің жобасында 1 300 орындық көрермен залы, заманауи сахна, баспасөз орталығы мен конференц-залдар, түрлі өнер үйірмелері мен өзге де танымдықдық бөлімдер қарастырылған. Нысан заманауи жарық және дыбыс жүйелерімен жабдықталып, концерттер, театрландырылған қойылымдар, шығармашылық кештер, республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өнер ұжымдарының жұмысын жандандыруға және жаңа мәдени жобаларды жүзеге асыруға да ықпал етеді.
Нысанды 2028 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Шара барысында облыс әкімі жаңа Салтанат сарайының Тараздың мәдени дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдениет пен өнерді дамытуға, халыққа қолайлы орта қалыптастыруға және елдің рухани әлеуетін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Тарихы екі мың жылдан асатын Тараз үшін мәдениет пен өнердің орны әрдайым ерекше. Сондықтан көне шаһардың тарихи келбетіне сай заманауи мәдени инфрақұрылым қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Бүгін құрылысы басталып отырған Салтанат сарайы қаланың мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, туристік тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Осы орайда, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына ерекше көңіл бөліп, маңызды жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсетіп отырған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Жамбыл жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін! – деді Ербол Қарашөкеев.
Шара барысында Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» Асылхан Шүңіреков сөз сөйледі. Мәдениет қызметкерлерінің атынан сөз алған Асылхан Шүңіреков мәдениет ошағы шығармашылық ұжымдар мен жас таланттардың дамуына жол ашатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Тараз қаласындағы ең ірі концерттік зал 951 көрерменге арналған. 1980 жылы салынған ғимарат 2017 жылы қайта жаңғыртылған. Осы тұрғыда құрылысы басталған заманауи әрі кең Салтанат сарайының маңыздылығы мен қажеттелігі сөзсіз.
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.