• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз жайлы ел аузындағы 10 миф

turan_admin turan_admin
25.12.2017, 00:42
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары, Сараптама
Тараз жайлы ел аузындағы 10 миф
2.7k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қос мегаполис Шымкент пен Алматы қалаларының қақ ортасында орналасқан тарихы терең Тараз қаласы жайында ел арасында түрлі аңыздардың тарап кеткені жасырын емес. Солардың біразын жіпке тізіп, ақ-қарасын ажыратуды жөн көріп отырмыз. Себебі Әулиеата өңірі күллі қазақ тарихының алтың діңгегі саналатынын Елбасының өзі қалаға іссіпармен келгенде атап өткен болатын.
Сонымен Тараз туралы 1-ші миф: «Тараз Қазақстандағы ең криминалды қала. Әсіресе Кированың жігіттері қаланы өз алақандарында ұстайды». Рас, осыдан 10 жыл бұрынырақ Таразда бұзақылардың саны артып, қала өз аумақтарына қарай жік-жікке бөлініп үлкен қылмыстық істер орын алған. Қазір жағдай тұрақты. Кирова көшесінің жігіттері де тыныш. Топтасып төбелесіп жатқан ешкімді көрмейсіз және жаңалықтарда да Тараздағы оқыс жағдайлар туралы ақпарат аз айтылады. Сондықтан күннің қай мезгілі болсын қаланың көшелерінде аяқты алшаң басып жүре берулеріңізге болады.
2-ші миф: «Ағайынды Қырықбаевтардан бәрі қорқады». 90-шы жылдары кісі өлтіру, ақша бопсалау сынды түрлі қылмыстармен аты шыққан ағайынды Қырықбаевтардан Таразда қазір ешкім де қалмаған. Қылмыспен ұсталғандары түрмеге тоғытылып, басқасы қазіргі таңда Алматы қаласында тұрып жатыр. Қырықбаевтардың есімін қала халқы ұмытып қалған десек те болады.
3-ші миф: «БМ» яғни «Братья Махмадовы». Әйгілі Махмадовтар династиясының алкогольды ішімдіктер шығару бизнесі өз жұмысын тоқтатқалы біраз жылдың жүзі болды. Тараздық арақ бароны Сұлтан Махмадов «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, миллиардтаған теңгенің айналымын жасырын жүргізіп, салық төлеуден жалтарғаны үшін жалған құжаттар жасап пайдаланғаны үшін» деген айыптауға ұшырап сотталған болатын. Бір кездері тасы өрге домалаған бизнес қайта қалпына келе ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.
4-ші миф: «Таразда нашақорлар көп». Ия, бұл мифтың пайда болуына Шу өңіріндегі қарасора алқабы себеп. Қарасораны заңсыз жинап, сатқандарға заң қатал. Тәртіп қатты. Керісінше оны бүгінде емдік мақсатта пайдалану үшін өңірде зауыттар салынып жатыр.
5-ші миф: Шығыстың әйгілі шайыры Фирдоусидің «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» — деген тіркесі. Көп жағдайда аталған тіркесті ел теріс мағынасында түсінеді. Байыбына барар болсаңыз о заманда шаһардың арулары қандай сұлу болса, бұл кезеңде де Тараздың қаракөздері әсемдік пен көркемдік жағынан ешбір өңірден қалыс қалған емес. Ал, Фирдоуси бабамыздың сөзі бұл фактіні тарихи жағынан да нақтылай түседі.
6-шы миф: «Таразды топан су басады». Қырғыстан мен Қазақстан шекарасындағы Киров су қоймасындағы судың шектен тыс көбеюінен бірер жыл бұрын қаланы су алады деген жалған қауесет тарап, ел әбігерге түскені жасырын емес. 80 % суды Қырғыз елінен алатын Жамбыл өңірі шындығында бұл қауесетке қазір мүлде алаң болмайды. Себебі халық жағдайдың тұрақты екенінен қашанда хабардар.
7-ші миф: «Тараз «Аққу-Гәкку» ағымының орталығы». Тараз қаласында Тектұрмас, Қарахан кесенелеріне аталған діни ағымның өкілдері келіп өздерінің діни ритуалдарын орындап жүргенін халық көріп жүр. Дегенмен қаланың тарихының тереңде жатқандығына дәлел саналатын мемлекет қорғауындағы бұл нысандарға еліміздің түкпір-түкпірінен де меймандар келіп, ата-баба әруағына құран бағыштайды. Ал мұнда ат басын бұратын діни секта өкілдерінің қарасы бүгінде сирек. Шаһарымызды «Аққу-Гәкку» ағымының орталығына айналдырып жібергендер осы тұрғыдан қатты қателеседі.
8-ші миф: «Тараздың ауасы таза». Ертеректен Таразды халық жасыл қала дейді. Расында мұнда ағаш пен жасыл желек көп. Алайда ауаның ластану индексі бойынша Шымкент, Алматы, Өскемен қалаларының қатарына Тараз қаласы да қатты ластанғандығымен еніп отыр. Үздіксіз жұмыс жасап тұрған зауыттар мен, жылдан жылға көліктер санының көбеюі бұл фактордың үлкен себебі болып саналады.
9-шы миф: «Тараз – ескі қала». Тараздың тарихылығы соншалық, мұнда келіп көрмеген жұрт шаһарды көздеріне көне қалалардағыдай құлауға шақ қалып тұрған көне қорғандармен, күмбезді ғимараттармен елестеді. Ежелгі Ұлы Жібек жолының бойындағы қала күн өткен сайын түрленіп келеді. Оған көз жеткізгіңіз келсе, арнайы келіп тамашалауыңызға болады. Ал мұндағы көне ғимараттар, ескі қорғандар, үйдің қабырғалары толығымен зерттелмеген. Ғалымдар бұл жолда табанды еңбек етіп, үлкен деректердің бетін ашады деп сенеміз.
10-шы миф:

«Таразда дым жоқ». Тараздықтардың бұл сөзден жауыр болғаны соншалық, «Таразда демалатын орын аз, жастар көтеріле алмайды»

деген сөзді естіген бойда сізбен дискуссияға түсуге даяр тұрады. Таразда ебін тапқанға бәрі бар. Аттары дардай «Астана PARK» кинотеатры, «Тараз Арена» спорт сарайы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін сапалы қызметтер ұсынады. Алдағы жылы үлкен «MART» ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Тағы айта кетерлік жәйт, Таразда ғана «Ауыл-береке», «Атакент» және Орталық базар аталатын үш ірі базар бар. Таразда ғана қазақтың Керей мен Жәнібек хандарының еліміздегі ең ірі ескерткіші орналасқан. Таразда ғана тарихи «Көне Тараз» және жұмбаққа тол «Ақыртас» кешені бар. Таразға келген меймандар мен туристердің барлығы көшелердің тазалығына, ғимараттардың тиянақты орналасқандығына қызығушылық білдіреді.
Бүгінде тотыдай таранған шаһардың әлеуеті артып, экономикалық жағдайы да реттеліп келеді. Оған жыл сайын бой көтеріп жатқан зауыттар, қала ішінде салынып жатқан жаңа ғимараттар, жаңа мөлтекаудандар, уақыт өткен сайын көбейіп жатқан халық саны дәлел бола алады. Осы ретте жоғарыда аталған ел арасында жиі айтылатын аңыздарға сенуді доғарып, Таразға арнайы келіп, шаһардың даму деңгейін бағдарлауға шақырамыз.

TURANINFO.KZ

Тегтер: АККУАЛЕМАлматыАУЛИЕАТАБМводаГАККУГОРОД СТАРИКОВДжамбулКИРОВАКРЫКБАЕВЫМИФОТДЫХПОТОКСЕЛСТАРЫЙ ГОРОДТаразФИРДОУСИчуШЕЛКОВЫЙ ПУТЬшуШЫМКЕНТ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.