• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз төрінде сазгер Дүйсенәлі Бықыбаевтың әндері әуеледі

turan_admin turan_admin
25.11.2017, 17:21
Облыс жаңалықтары, Фото көрме
Тараз төрінде сазгер Дүйсенәлі Бықыбаевтың әндері әуеледі
721
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында, «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаевтың «Ән – ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті.
Концерт шымылдығы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұловтың дирижерлығымен кеш иесінің «Бабалар рухы» күйімен ашылды. Қазақтың əн əлемінің алтын қазынасын өзінің сыршыл да əуезді туындыларымен толықтырып жүрген сазгердің шығармаларын облысымызға, республикаға белгілі Айгүл Мақашева, Жанатбек Кəрібаев, Оңал Азаматова, Ғани Мəтебаев, Маралбек Бабақұлов, Нұрлан Əмірбетов, Мадина Сағымбекова, Жанна Асанқұлова, Əсел Уашева, Мейіржан Самылтыров, Қайсар Көкішев сынды әншілер нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, əн кешіне елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Əділ Сламхан мен Дана Махамбаева, «Астана» квартеті, «Алатау» триосы, Қайнар Қатбай арнайы қатысты.





Дүйсенəлі Бықыбаев лирик сазгер ретінде əншілер мен композиторлар қауымының арасында үлкен сый мен құрметке ие. Күллі қазақ даласына əуелей жеткен əндерін қазіргі таңда бірталай эстрада жұлдыздары орындап, тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырып жүр. Кеште көрермен назарына облыстық қазақ драма театрының əртістері «Əн-ғұмыр» атты компоизициялық қойылым ұсынды. Қойылым барысында Дүйсенəлі Бықыбаев өзінің рухани ұстазы саналатын белгілі композитор Мэлс Өзбековтың «Келші, Құланға» атты танымал əнін сахна төрінде көрермен халыққа арнайы орындап берді.
Концерт соңында Досымжан Таңатаров кеш иесінің əніне, белгілі ақын Ғайни Əлімбекқызының өлеңіне жазылған «Қаздар қайтып барады» атты жаңа əннің тұсауын кесті. Өз сөзінде эстрада жұлдызы орындалған əн Дүйсенəлі Дыбысалыұлымен творчестволық байланысты жаңғыртқан туынды екенін тілге тиек етті.
Əуезді əн кеші бір топ əншінің орындауында Дүйсенəлі Дысыбалыұлының «Жаса мəңгі Астана» атты əнімен рухты нотада аяқталды. Шара соңында кештің басты кейіпкеріне Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі табысталды.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.