• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді

turan_admin turan_admin
02.10.2022, 11:06
Облыс жаңалықтары
Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді
263
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының орталығында төрт күнге жоспарланған халықаралық қолөнершілер көрмесі басталды. «Тараз – қолөнершілер қаласы» тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды шараға алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр аумағынан қолөнершілер мен құрметті қонақтар қатысуда.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Мәдениет және спорт министрінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков,  Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, «Асыл Дизайн» сән үйінің «Аспара» брендінің бас дизайнері  Айдархан Қалиев, «Шебер шаңырақ» мүгедектер ҚБ төрағасы Анар Бексұлтанова және Ресей, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларынан келген бірқатар қонақтар кездесті.

Кездесу барысында тараптар Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енуіне қатысты орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Облыс әкімі өз сөзінде 2000 жылдан астам тарихы бар Тараздың өткені өнегеге, тағылымға бай екенін, бүгінде құндылықтарды жаңғырту жолында ауқымды жұмыстар жоспарланып, қолға алынып жатқандығын жеткізді. Аймақ басшысы Тараздың Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы статусына лайық екенін және оны оң бағалап, шешім шығарған сарапшыларға үлкен алғысын білдірді.

Өз кезегінде қонақтар да жылы шыраймен қарсы алған жамбылдықтарға ризашылығын жеткізіп, аймақтың мәдени, рухани бағытындағы жұмыстарын оң бағалады.

Облыстың қолөнершілік және туристік әлеуеті жоғары екенін атап өткен Азиз Муртазаев Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізімі 2014 жылдан бері құрылғанын, бүгінгі таңда бұл тізімге дүниежүзінің 59 қаласы енгендігінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Тараз қаласы аталған тізімге енген Қазақстандағы алғашқы қала екендігін жеткізді.

– Тарихымызды таныту арқылы туризмді дамыту бойынша ауқымды шаралар жоспарлануда. Бұл бағытта жұмыс істейміз деген кәсіпкерлерге барлық қолдаулар көрсетіледі,-деді Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олардың 5-уі – халықаралық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне алынған, 25-і – республикалық дәрежедегі, 698-і жергілікті маңыздағы ескерткіштер.

Бұдан соң облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Көне Тараз» тартихи-этномәдени кешенінде аталған халықаралық көрменің ашылу салатанатына қатысты. Алдымен қонақтар отандық және шетелдік қолөнершілердің көрмесін тамашалады.

— Киелі Әулиеата жерінде өтіп жатқан «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер көрмесінде кездесіп отырғаныма шын жүректен қуаныштымын!

Бүгін Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енуінің куәсі болып отырмыз. Бұл өңірдің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғасы деп санауға болады!

Қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бастап қалыптасып, Самарқан, Бұхара, Хиуа, Қоқан сияқты әлемнің елуден астам қаласы енгізілген.

Қасиетті Тараз осы тізімге енгізілетін еліміздегі алғашқы қалалардың бірі. Бұл тізімге қала өзінің үлкен туристік және қолөнершілік әлеуеті арқасында еніп, лайықты құрметке ие болып отыр,-деді Нұржан Нұржігітов.

Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізу бойынша сарапшылар комиссиясының қорытынды сертификатын Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ,елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қолөнер шеберлерін марапаттады.

Ашылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласты.

Төрт күнге жалғасатын халықаралық көрме аясында «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығы, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, Тараз қаласындағы тарихи нысандарға ақпараттық тур,  дәңгелек үстел, суретшілер және қолөнершілер байқаулары, шеберлік-сағаттары және тағы да басқа шаралар жоспарланған

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.