• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз бен аудандарда балаларға арналған тіл курстары ұйымдастырылады

turan_admin turan_admin
28.05.2021, 15:20
Қоғам, Облыс жаңалықтары
Тараз бен аудандарда балаларға арналған тіл курстары ұйымдастырылады
254
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінде облыс бойынша мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 91,9 пайызды құрайды десек, қазақ тілінде сөйлеп, оқи алатын және жаза алатын халықтың үлесі 70,5 пайызға жеткен. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте тілерді дамыту және ономастика мәселелері талқыланды.

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова орыс тілін меңгерген жамбылдықтардың үлесі 93,5 пайызды, ағылшын тілін меңгергендердің үлесі 27,7 пайызды, үш тілді меңгергендердің үлесі 27,8 пайызды құрайтынын хабарлады. Мемлекеттік органдарда құжаттама толықтай дерлік (99,2 пайыз) мемлекеттік тілде жүргізіледі.

— Статистика әлі де ойдағыдай емес. Бос сөз, құрғақ есеп үшін емес, нақты нәтижеге жұмыс істеу керек. Егер облыс тұрғындары үш тілді білетін болса, оларға үлкен мүмкіндіктер ашылады. Ел азаматтары Қазақстанның мемлекеттік тілін білу – бұл қажеттілік екенін түсінуі тиіс. Үлкендер өз балаларына үлгі көрсетіп, өздері қазақ тілінде сөйлеуі керек, одан бөлек бірнеше тілді де үйренуге ұмтылғаны дұрыс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Қордай ауданында өткен жылдан бастап «Sóile» клубы мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруда. Ол бойынша сабақтар ашық аспан астында өтеді.

— Мұндай курстарды облыс орталығында және барлық аудандарда ұйымдастыру қажет. Балалар жазғы демалыстарын тиімді өткізулері тиіс, — деп тапсырды облыс әкімі.

Өткен жылы Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері 2385 азаматқа қазақ тілін оқытса, оның 94 пайызы – түрлі этнос өкілдері. Биыл 4000 тыңдаушыны қамту жоспарлануда.

Жиынға қатысушылар ономастика саласындағы мәселелерді де саралап, ойларын ортаға салды. Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, елді мекендер мен көшелер атауының 12 пайызы өзгертуді қажет ететіндігі анықталған. Атап айтқанда, топонимикалық жүгі жоқ және аса танымал емес кісі есімдері, мағынасы жағынан ескірген 9 елді мекен және 563 көше 13 атауы жоқ жаңа көшелер, атауы қайталанатын 20 көше бар.  Бейнеконференц-байланыс режимінде өткен кеңеске қатысқан аудан әкімдеріне өңір басшысы бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.

— Республикалық ономастикалық комиссия Тараз қаласының 29 көшесінің жаңа атауларын мақұлдады. Комиссия қазір 40 мектептің атауын өзгерту, соның ішінде Жалпақтөбе ауылындағы Мәдениет үйіне композитор Шәмші Қалдаяқовтың есімін беру туралы ұсыныстарды қарастыруда, — деп қосты Рахия Тұрмаханбетова.

Ол «Қоғамдық тіл инспекциясы» жобасы аясындағы рейдтер   барысында жарнамалық тақтайшалардағы, билбордтар және басқа да көрнекі ақпарат құралдарындағы қателіктердің түзетіліп жатқанын жеткізді.

— Ономастика – бұл маңызды мәселе. Заң нормаларын басшылыққа алу қажет. Біз көшелерімізге өңіріміздің дамуына айрықша үлес қосқан адамдардың есімін беруіміз керек. Елді мекен атаулары да терең мағынаға ие болуы тиіс. Жамбылдықтар мақтан тұтатын, даңқты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың есімімен аталатын облыс орталығында әлі күнге дейін бірде-бір көше жоқ. Тараздың үлкен көшелерінің біріне оның есімі берілуі керек. Жас ұрпақ осындай ұлы адамдар туралы біліп өсуі тиіс, — деп қорытындылады облыс әкімі.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.