Ағымдағы жылғы 10 наурызда Тараз қаласы Полиция басқармасының 1- полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, сол күні, түнгі сағат 03:00-де, қонақта болған жігіт оның Алсер маркалы ноутбугін
жасырын түрде ұрлап кеткені туралы шағымданған. Материалдық шығын көлемі 148.000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы 1- полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ноутбук ұрлады деген күдікпен облыс
орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Материалдық дәлелдеме зат — ноутбук тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі Ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.