Талдықорғанда бүгін таңғы сағат 08.00 шамасында 7 шағынаудандағы 17-үйдің қоқыс төгетін жәшігінен шақалақтың денесі табылды, – деп жазады inform.kz.
Cәбидің кіндігі кесілмеген.
«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген, жолдасымен қоса жатыр. Сәби өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған-ау деп ойлаймын…», – дейді куәгер.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз-https://aikyn.kz/204179/taldykorganda-kindigi-kesilmegen-zhana-tugan-sebidin-denesi-kokystan-tabyldy/






