Ол 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
- 1997-1998 жылдары Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1998-2000 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің аппаратында жалпы бөлімнің аға референті және инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.
- 2000-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде жұмыс істеді.
- 2010-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
- 2014-2016 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
- 2016-2018 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігі жауапты хатшы және аппарат басшысы болып қызмет етті.
- 2021-2023 жылдары — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
- 2023-2024 жылдары — ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры.
- 2024 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директоры болып жұмыс істеді.






