• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тұрғындардың айтуы мен ЖД-158/7 мекемесінің жауабы неге қарама-қарсы?

turan_admin turan_admin
29.09.2020, 17:50
Жаңалықтар, Облыс жаңалықтары
Тұрғындардың айтуы мен ЖД-158/7 мекемесінің жауабы неге қарама-қарсы?
534
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазіргі пандемияда оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты барлығы дерлік интернет көздеріне тәуелді болып қалды. Бұл мәселе біздің мемлекетімізде 100% дерлік интернет желілерімен қамтамасыз етілген деген сөз емес. Әлі де интернет байланыстары әлсіз жерлерде баршылық. Сол жерлердің бір қатары ол Жамбыл облысы Тараз қаласына қарасты Бурыл В аумағында да осы мәселе шешімін таба алмай жатыр.

“Бурыл В аумағындағы тұрғындардың  Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару  жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесіне арнап орнатылған ұялы телефон байланысын бәсеңдеткіш (глушитель) қондырғысы тұрғындардың “Интернет көздеріне” әсер етіп жатыр және қазіргі пандемия кезіндегі оқушылардың қашықтықтан білім алуына кесірін тигізіп отыр” деп хабарлаған ауыл тұрғыны Асылбек Серікбаев.

Аумаққа барып жағдайды зерттеу үшін тұрғындардан сұхбат ала бастадым.

Атеева Ләйлә  34 жаста, мектеп қабырғасында 2 баласы білім алады. Бірі дайындық сыныбында, бірі 2-сыныпта. Балалардың денсаулығына байланысты кезекші сыныптарда мектеп қабырғасында оқи алмай қазірде қашықтықтан білім алып жатыр. Бірақ, осы интернет көздерінің әлсіздігіне байланысты балалар сабағына кеш кіріп, тапсырмаларын кеш жіберуде. Бұл індет күрт басталып кетуіне байланысты, көктемде қатты қиналғанбыз. Мүмкін ол кездерде барлық ата-аналар, балалар сабаққа кіре бастағаннан болады ма екен білмедік. Сол кездерде әрең дегенде сабақ оқыған болатынбыз. Қазір енді оған қарағанда біршама жақсы, бірақ дегенмен де жұма күні біз мүлде сабақ оқи алмадық, бейне, аудио жазбаларымыз әрең дегенде жүктеліп жатты. Сосын тек сенбі, жексенбі күндері ғана сабақты орындап жіберген болатынбыз. Осы І тоқсан бойы  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша қашықтықтан білім аламыз деп айтқан мәлімдемесінен кейін  мектептер ашылады ма белгісіз деп жатыр. Бірақ, ашылса енді біз қуанатын едік. Біздің енді мәселе болып тұрғаны, осы интернет көздерінің тым әлсіз болғандығы. Шешу жолын сіз бен біз болып қарастырсақ- деді.

Менің бір байқағаным таңғы сағат 6-дан бастап сабаққа кірсек интернет желісі кішкене болсын жақсы жұмыс жасайтын, ал сағат 9-дан өте сабақ басталатын кездерде жүктелуі, интернет жылдамдығы күрт баяу жұмыс жасайтын- деп Атеева Ләйлә өз сөзін аяқтады.

 

  23.09.2020 жылы Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Жасұлан Сәкенұлы Құрманалиевке интернет желілерін бұғаттаушы қондырғысының деңгейін азайтуымызды сұрап хат жолдаған болатынбыз.

 24.09.2020 жылы хатқа жауап берілді. Хатта ешқандай интернет желілерін бұғаттаушы қондырғысының жоқ екендігі жазылған.

Бұл мәселе бойынша енді сол аумаққа жауапты АО “Қазақтелеком” -ға хат жолданды. Хатта Бурыл В аумағына жеткілікті интернет көздері қашан қол жетімді болатындығы туралы ақпарат берулуі сұранды.

 

 

 

 

Интернет көздері туралы ақпаратты https://bailanys.bar/ сайты арқылы 24.09.2020жылы түсірілген суретте көрсетілген

Жамбыл облысы Қоғамдық Кеңес мүшесі Исламбек Дастан тамыз айында, Жамбыл облысының барық аудандарын аралап, Қоғамдық бақылау жүргізген анализіне сүйене отырып жауап берді: “Ауылдық елді мекендердің  аудандарын аралап, мектептегі , ауылдағы интернет желілерін қарап шықтық. Мысалы, Мойынқұм ауданын алатын болсақ ең шалғай жатқан аудан  өзінше интернет желілері жақсы жұмыс жасаса да, жанына іргелес жатқан  ауылдардың көбісінде интернет желілері жоқтың қасы. Ол  ауданда сабақтар былай  айқанда дәстүрлі түрде өткізілуде. Одан кейінгі алатын болсақ, Шу ауданында  Шу қаласы мен Төле би ауылында ғана интернет желілері жақсы жұмыс жасайтын болса , басқа ауылдарында интернет желілерін іздеу керек, 4G ұстайды деп күтпей-ақ қояйық 3G  интернетінің өзі дұрыс жұмыс жасамайды. Осы сияқты мынау Тараз қаласына іргелес жатқан Жамбыл ауданы бар. Бұл ауданның Бәйтерек  ауылы бар, ауыл Айша бибі мен  Тараз қаласының ортасында орналасқан кіп-кішкентай ауыл, ол ауылдың өзінде жол бойынан ғана интернет желілері ұстайды, ал іш жағына кіретін болсақ  интернет жылдамдығы өте төмен. Жамбыл облысында интернет желілері 60-70%  дамыған шығар, бірақ сапалы интернет желілерімен қамтамасыз етілгендері 4G интернеті бар аумақтар тек 30-40% ғана  деп ойлаймын. Мынау бізге іргелес жатқан шекаралас жатқан аудандар бар, ауылдар бар, Қордай ауданындағы Көктөбе, Масанчы, Өтеген батыр, Қарасу деген ауылдар бар, мысалы оларда мүлдем Қазақстандық интернет желілері ұстамайды, ол жақтағы тұрғындардың барлығы Қырғызстанның ОШКА Beeline деген  тарифы бар, соны сатып алып, сол арқылы білім алып, сол арқылы сабағын қашықтықтан білім алуда”- деп өз сөзін аяқтады.

Сабырбек Арайлым Болатқызы
Сурет https://habr.com/ru/post/420507/ сайтынан алынған. 
Тегтер: http://turaninfo.kz/
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.