• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 14:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Судьялыққа кандидаттарды іріктеу тәртібі

turan_admin turan_admin
13.04.2018, 00:12
Облыс жаңалықтары
«Депутаттық корпус» қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысына қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне түсті
441
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Еліміздің сот жүйесі де бірқатар елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Соттар жаңартылған заңнама жағдайында сот төрелігін табысты жүзеге асыруда. Судьялыққа кандидаттардың жас шектелімі 30-ға дейін ұлғайтылды, инвестициялық даулардың соттылығы кеңейтілді. Судьялар корпусы қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жаңғырту жөніндегі заң жобасын әзірлеуге белсене қатысты. 2018 жылдан бастап қолданысқа енетін аталған заң азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды айтарлықтай күшейтуге бағытталған. Соның шеңберінде сот бақылауын одан әрі кеңейту, қылмыстық теріс қылықтар бойынша іс жүргізуді жеңілдету, процестің жарыспалылығын арттыру және адвокатура институтын нығайту көзделуде.
29-бапта судьялыққа кандидаттарға келесідей талаптар қойылған: Аудандық соттың судьясы болып тағайындалуы мүмкін Қазақстан Республикасының азаматы:
1) отыз жасқа толған;
2) жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері бар, мінсіз беделі және әдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар;
3) біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған магистратурада оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);
4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растаған;
5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (мамандандырылған магистратурада оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады )
6) Полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындала алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде бес жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, сондай-ақ тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерліктерін алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге облыстық соттың судьялары қол қояды.
Облыстық соттағы лауазымға орналасуға арналған конкурсқа басқа облыстық соттың судьясы қатысқан жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге Жоғарғы Соттың судьялары қол қояды.
Кепілгерлік бергенге дейінгі екі жыл ішінде тәртіптік жазаға тартылған судья кепілгерлік бере алмайды.
Судья кепілгерлік берген кезде объективті болуға, өзіне белгілі болған анық деректерді басшылыққа алуға міндетті. Кепілгерлік берген кезде судья белгіленген өлшемшарттары:
1) Судьяның кепілгерлік берілетін адаммен таныс болған уақыт кезеңін, сондай-ақ танысу мән-жайларын;
2) Өзі кепілгерлік беретін адаммен бірлескен жұмыс тәжірибесін (осындай тәжірибе болған кезде);
3) Өзі кепілгерлік беретін адамның кәсіби және коммуникативтік дағдыларын, жеке және іскерлік қасиеттері туралы судьяға белгілі болған мәліметтерді;
4) Судьяға анық белгілі болған өзге де мәліметтер мен деректерді ескереді.
Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасауға болады.
Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Жоғарғы Сот Кеңесіне ұсынады.
3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігін алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
Жоғарғы Сот төрағасының лауазымына кандидатқа судьялық өтілдің болуы, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысының және тиісті жазбаша кепілгерліктің қажеттілігі туралы талаптар қолданылмайды.
3-1. Аудандық сот төрағасымен судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Егер облыстық сот судья лауазымына конкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, облыстық сот жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
Жоғарғы Соттың судья лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғарғы Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

4. Судьялыққа кандидаттар негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, тұрақты негізде сотта ақы төленетін біржылдық тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.
5.Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.
6. Судьялық жұмыс өтіліне осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда судья болып жұмыс істеген уақыты қосылады.
Судья Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға; сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға; судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Заңның жаңа талаптарына сай судьялыққа кандидаттардың жасы отызға толуы керек, сонымен қатар жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және әдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі болуы керек.
Кандидаттарға қойылатын талаптардың жоғарылатуымен қатар, оларды дайындау тәртібі де қатаңдатылған.
Атап айтқанда, судья лауазымына конкурсқа қатысу үшін кандидат Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясына емтихан тапсыруы қажет және тұрғылықты жері бойынша соттарда тағылымдамадан өтуі керек.

Жамбыл облысы бойынша
Соттар әкімшісінің персоналды басқару
(кадр қызметі) бөлімінің бас маманы Амангелді Талғат Ерсінұлы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.