• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Суару каналын реконструкциялауды бастады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ирригация каналдарын салу және реконструкциялау жобаларының барысымен танысты

Turan Redaktor Turan Redaktor
12.06.2026, 11:10
Облыс жаңалықтары
Суару каналын реконструкциялауды бастады
22
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл ауданында министр ұзындығы 9,2 шақырым болатын «Исмаил» каналындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын көрді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүргізіліп жатқан жұмыстар биыл қаңтар айында басталған. Қазіргі таңда каналдың 3,2 шақырым бөлігі реконструкцияланды.

Жоба аясында каналды бетондау, су шығару құрылғыларын, бөгет құрылыстарын және нөсер су ағызу жүйелерін орнату, сондай-ақ гидробекет салу көзделген. «Исмаил» каналы арқылы Аса өзенінен Жамбыл ауданының суармалы алқаптарына су жеткізіледі. Каналдың өткізу қуаты — секундына 6 текше метр. Реконструкция нәтижесінде 1454 гектар жерге су жеткізу жақсарып, шығын азаяды.

Одан кейін Нұржан Нұржігітов биыл басталған «Саза», «Төменгі Саза», «Айтақ», «Бошақай», «Бошақай-1» және «Бошақай-2» каналдарын бетондау жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл жұмыстар Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлескен ирригация желілерін жаңғырту жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен жүргізілуде. Жалпы алғанда үнемделген қаржыға облыста ұзындығы 85,5 шақырым болатын 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр.

Байзақ ауданында министр «Өтеміс», «Сеңкібай» және «Белқожа» шаруашылықаралық каналдар жүйелеріндегі жұмыстарды тексерді. «Өтеміс» жүйесінде жалпы ұзындығы 28 шақырым болатын учаскелерге бетон төселіп, гидротехникалық нысандар жөнделіп және қайта жаңғыртылуда. Жоба іске асқаннан кейін жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 5131 гектарға дейін ұлғаяды. Қазір бұл нысан 1626 гектар егістік алқапты суармалы сумен қамтамасыз етіп отыр.

«Сеңкібай» шаруашылықаралық каналында ұзындығы 17,8 шақырым болатын учаске реконструкцияланды. Жалпы 21,8 шақырым канал жаңғыртылады. Барлық жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

«Белқожа» жүйесін реконструкциялау аясында жалпы ұзындығы шамамен 19,5 шақырым болатын учаскелер бетонмен қапталып, гидротехникалық нысандар жаңартылды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталған ескертулерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба аяқталған соң жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 2896 гектарға дейін ұлғаяды. Бүгінде нысан 1860 гектар егістікке су жеткізіп отыр.

Одан кейін министр Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасының бірінші кезеңіне кіретін Ново-Михайлов каналының жұмыстарымен танысты. Байзақ ауданында осы жоба аясында жалпы ұзындығы 64 шақырымнан асатын 17 каналды жөндеу және қайта жаңғырту көзделген. Жобаларды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал Жамбыл облысы бойынша жалпы ұзындығы шамамен 400 шақырым болатын 71 жоба іске асырылады.

«Облыста каналдарды бетондау мен реконструкциялау бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылуда. Шетелдік инвестициялар тартылып жатыр. Сонымен қатар шаруалар су үнемдеу технологияларын белсендірек енгізуі қажет. Бұл жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттырып, суару кезінде судың ысырабын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан бұл үшін субсидиялар түрінде барлық қажетті жағдай жасалған», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Байзақ ауданында министр сондай-ақ жалпы ұзындығы шамамен 20 шақырым болатын «Сембет» және «Байзақ» магистральдық каналдарын бетондау жобасы аясындағы жер қазу және бетондау жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыстар да ЕҚҚДБ-мен бірлескен өңірдің ирригация желілерін жаңғырту жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен жүргізілуде.

Сонымен қатар министр МР-3 және МР-4 каналдарын аралады. Қазіргі уақытта жоспарланған 24 шақырымның 13 шақырымында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Жобаны жыл соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Нәтижесінде 2,4 мың гектар суармалы жерге судың тұрақты жеткізілуі қамтамасыз етіледі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.