Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді.
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Екатеринбург қаласына келіп, онда «ИННОПРОМ»XII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады. Сонымен қатар, көрме алаңында Әлихан Смайылов РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді, — делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Сондай-ақ, Ресейдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен бірқатар кездесулер күтілуде.
Дереккөз-baq.kz: https://baq.kz/smaylov-resey-premer-ministri-mishustinmen-kelissozder-zhurgizedi-282312/






