• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Шынның жүзі – Шераға» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

«2025 – Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында Ш. Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы ұйымдастырған «Шынның жүзі – Шераға» облыстық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды.

turan_admin turan_admin
18.04.2025, 14:45
Облыс жаңалықтары
«Шынның жүзі – Шераға» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
121
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақ әдебиетінің абызы, көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның шығармаларын насихаттауға арналған бұл байқауға облыс аймағынан 16–25 жас аралығындағы жас қаламгерлер өз шығармаларын ұсынып, бақтарын сынады. Ақпан–наурыз айларында жарияланған әдеби дода бүгін өз мәресіне жетті.

Әдеби байқау ережесіне сәйкес үміткерлер екі номинация бойынша бақ сынады. Бірінші номинацияда – Шерхан Мұртазаға арналған немесе оның шығармалары төңірегінде жазылған үздік мақала, эсселер ұсынылса, екінші номинацияда халық жазушысына арналған поэзиялық шығармалар қабылданды. Үміткерлердің туындыларына қазылар алқасы төрелік етіп, әділ бағасын берді.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР құрметті журналисі Бекет Момынқұл, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика және филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Әліұлы Мұқашев, белгілі журналист, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, Ш. Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Асылжан Шәйділдаев, сондай-ақ осы орталықтың «Шерхантану» бөлімінің меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Мадияр Ералыұлы сынды әдебиет пен журналистика саласында кеңінен танымал азаматтар қазылық етті.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттауға арналған іс-шарада сөз алған қазылар алқасының төрағасы Бекет Момынқұл былай деді:

«Бұл байқау – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғалардың бірі, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерағаның шығармашылығы мен өмір жолын кеңінен насихаттау үшін ұйымдастырылып отыр. Шерағаның әдебиетке қосқан баға жетпес үлесін жастар арасында кеңінен таратуға бағытталған мәні зор әдеби іс-шара болды деп санаймын. Байқауға қатысып, жеңімпаз атанған жастарға сәттілік тілеймін».

«Шынның жүзі – Шераға» облыстық әдеби байқауына 50 жуық үміткер өз шығармалары мен еңбектерін ұсынды. Олардың жартысы – мектеп оқушылары мен студенттер болса, қалғандары әдебиет, өнер және білім салаларында еңбек етіп жүрген жас ұстаздар.

«2025 – Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында, яғни қазіргі таңда, өнер мен сөз құдіретін, поэзия мен прозаның құндылығын түсінетін жас шығармашылық өкілдерінің арасында ұйымдастырылған «Шынның жүзі – Шераға» облыстық әдеби байқауының мазмұны мен маңызы, берер рухани азығы мол. Осындай әдеби байқаулар арқылы біз ойы ұшқыр, қаламы жүйрік жас талант иелерін танып біле аламыз. Сондықтан да, берері мол мұндай әдеби дүниелерді ұйымдастырып, қазақтың мақтанышына айналған Шерағаның шығармаларын насихаттап жүрген Руханият орталығына алғысымызды білдіреміз», – деді филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Әліұлы.

Қазылар алқасының шешімімен «Үздік мақала, эссе» номинациясы бойынша Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Нұрболат Аманбек үздік деп танылып, бірінші орынды иеленді. Екінші орын Меркі ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы №20 мектептің 10-сынып оқушысы Ұлдана Махтабайға бұйырса, үшінші орынды Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы Қ. Сартаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Маржан Садубай жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ осы номинацияда белсенділік танытқан Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің 3 курс студенті Гүлназ Дәулетжан, Қ. Сартаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Гүлдана Қожамжар және Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Аяна Ким ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Екінші номинация, яғни поэзия жанры бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті Аят Бәтей топ жарып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Жуалы ауданынан  Даярбек Санжар, ал үшінші орынға Байзақ ауданы, Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы  Жиенғали Айжан лайық деп танылды.

Шығармашылығымен көзге түскен Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Орынбай Қазына, Құмжота ауылы, Ы. Алтынсарин атындағы мектептің оқушысы Алимбаева Аружан және Меркі ауданындағы №44 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғәлімі Мадияр Бекбергенұлы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Айта кетейік, байқауға қатысқан ынталандыру сыйлықтарының иелері мен жеңімпаздардың жетекшілеріне арнайы алғыс хаттар мен жаңа кітаптар табыс етілді.

Рухани құндылықтарды насихаттап, жастарды әдебиетке баулуға бағытталған бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңірдегі әдеби өмірге серпін берді. «Шынның жүзі – Шераға» байқауы алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп, кең ауқымды әдеби жобаға айналмақ.

 

Нұрперзент Туғанбай

Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану

орталығы «Шерхантау» бөлімінің ғылыми қызметкері.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.