Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі ғимаратында өрт шықты
14 тамызда сағат 03:19-да 112 қызметіне әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекен жайда орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен «Өрттің жалпы көлемі 1200 шаршы метр болды. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», — деп жазылған хабарламада.







