• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШУДАҒЫ РЕЗОНАНСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ТУРАЛЫ

turan_admin turan_admin
28.12.2020, 17:38
Облыс жаңалықтары, Саясат
ШУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МЕН СЫБАЙЛАСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
1.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта Жамбыл облысында елді елең еткізетін сот процестері өтіп жатыр. Бұл істерге бір ғана облыс емес бүкіл республика куә. Мәселен, жақын арада Шу ауданында бір емес бірнеше азаматтың темір торға тоғытылуымен аяқталған резонанстық сот ісі аяқталған еді. Осы орайда, ол істің мән-жайын сұрау үшін аудандық соттың төрағасы Ернар Жаманқұловпен сұхбаттасқан едік.

 

— Ернар Боранғазыұлы, қазіргі таңда аудандық сотты басқарып келе жатқаныңызға үш жылдан асты. Осы уақыт аралығында, қандай резонанстық қылмыстық істерді қарадыңыз?
— Былтыр ауданда теміржол апаты орын алғаны баршаға мәлім. Салдарына 12 жасар бүлдіршін қайтыс болды. Сондай-ақ 200-ге жуық адам жарақат алып, жапа шекті. Аталған апатқа байланысты үш теміржолшыға қатысты айыпталу үкімі шықты. Олар тергеу кезінде кінәлерін мойындаған жоқ. Үкім шығып, барлық мән-жайлар көрсетілгеніне байланысты аппеляциялық шағымда толық кінәлерін мойындады. Аппеляция кезінде бас бостандығынан айырмау жөніндегі жаза тағайындауды сұрады. Бірақ, аппеляциялық алқада іс қаралып, ол үкім күшінде қалдырылды. Сол секілді резонанстық істер бүгін аудандық білім бөлімінің 13 қызметкеріне, яғни әйел адамдарына қатысты айыптау үкімі шықты. Бұрын сол мекеменің басшысы болып қызмет істеген басшыға қатысты, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның бас есепшісі болып істеген тұлғаға қатысты 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Екеуіде сот залында қамауға алынды. Қалған 11 есепшіге байланысты әртүрлі 1 жылдан-7жылға дейін шартты түрдегі жаза тағайындалды. Олар тікелей бюджеттен қарды жымқырған. Екі тұлғаға жәрдемші болып көмектескенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ олар сот тергеуінде жасаған кінәлерін толық мойындап, өздерінің тарапынан 70 миллионнан астам қаражаттарын төледі.

— Осы екі резонанстық іс туралы айттыңыз. Сот төрағысына қысым көрсетпеушілік туралы Президентіміз Қ.Тоқаев айтып өткен болатын. Жалпы, сіздерге қаншалықты қысым көрсетіледі?
— Ашығын айтсам, тікелей өзіме ешқандай қысым көрсетілген емес. Ал әріптестеріме қатысты қысымдар болып тұратынын жасырмаймын. Мәселен, олар бір резонанстық істі қараған соң, блогерлер мен журналистер түрлі пікірлер айтып, елдің ортасында теріс ойлар тудырады. Сол секілді судья істі қарау үшін кеңесу бөлмесінде қалған кезде, шешім шықпай жатып оған қатысты қандай шешім шығару керек екенін журналистер көрсетіп жатады. Әр қайсысының іс әрекетін саралап, журналисттер бақылап жатады. Рас, мұндай жағдай судья үшін оңайға соқпайды. Жалпы судьяның кез келген ісіне келіспеген жағдайда дұрыс-бұрыстығы апеляциялық ұсыныста қаралады. Оған келіспеген жағдайда ары қарай кассациялық сот қарайды. Соған қарамастан бірден судьянікі дұрыс емес, оның шешімі әділетсіз дейтін жайттарға көңілім толмайды.

— Шыны керек, коранавирус індетін бірінші жұқтырушылар судьялар екенін көз көрді. Мәселен, әлеуметтік желілерде бір судьяның Германияда демалып, қайтарында рейсті қырауар қаржыға жалдап келгендігі туралы ақпарат таралған болған. Осындай судялардың шетелде есеп-шоттарының болуы мен қомақты ақшаға емін-еркін демалып жүруіне қалай қарайсыз?
— Бұл мәселе бойынша ештеңе айта алмаймын. Өзімнің тарапымнан шетелде тұрмақ өзімнің қазіргі банкоматтық карточкамда аз-маз ақша бар. Түскен айлығымыздың келесі айға дейін жұмсалып кетеді. Қымбат көлік, қомақты қаражат көрген емеспіз.

— Расында, көпшілік тарапынан сот жүйесіне байланысты көптеген сауалдар туындап жатады. Осыған орай бұл жүйеге жаңашалық енгізіліп жатыр. Бұл тұрғыда не айта аласыз?
— Аталған мәселе бойынша «Сотқа деген халықтың сенімін арттыру қажет» деп Елбасымыздың өзі айтып кеткен болатын. Қазіргі таңда мұның нәтижесі ашық көрініп жатыр. Яғни, сот процестері бейнебақылаулар арқылы ашық жүргізілу үстінде. Бұл жүйе енгізілгенге дейін көпшілік арасында судьяларға қатысты түрлі пікірлер айтылып, сот процестерінің хаттамаларына ескертулер келіп жататын. Бүгінгі күні кез келген іс барлығының бақылауында көрініп тұрады.

— Сіздіңше, әділ судья болуы үшін не істеу керек? Әсіресе, судья боламын деген жастар үшін қандай ақыл-кеңестер айтасыз?
— Әділ болуы үшін алдымен сауатты болуы қажет. Әділетсіз шешім шығаруға болмайды. Шындығын айтқанда, істі қарау барысында әртүрлі жағдайлар болады. Мысалы, бір бап, екі сотталушы, екі іс бірдей. Бірақ олардың мән-жайлары бөлек болуы мүмкін. Сондықтан біреуге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға мәжбүр болсақ, екіншісіне жеңіл жаза тағайындау мүмкіндігі шығады. Неге соны қолданбасқа?!

— Қазақстанда барлығын соттағаннан көрі түзеуге мүмкіндік беріп жатыр деп ойлайсызба?
— Ол әр адамның өзіне байланысты. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, адамның туылғаннан тәрбиесі мен өмір жолына байланысты. Жүрген ортасына байланысты олар өзгеріп жатады. Бастысы, адамдар қылмысқа бармаса болғаны.

— Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан Исламбек Дастан

Фото автордікі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.