• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
11.09.2026, 15:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шуда 3 млн тонна болат өндірілетін металлургиялық зауыт құрылысы басталды

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту бойынша тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдау бойынша кешенді жұмыстар жүзеге асуда.

Turan Redaktor Turan Redaktor
17.04.2025, 12:07
Облыс жаңалықтары
Шуда 3 млн тонна болат өндірілетін металлургиялық зауыт құрылысы басталды
96
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сондай жоспарлы жобалардың бірі – Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы металлургиялық зауыт. Кәсіпорын құрылысының басталу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

​Қытайдың жетекші металлургиялық компаниясы – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd өндірістік қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін жететін металлургиялық зауыт салады.

​Инвестиция көлемі – 564 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады.

​Компания үлкен тәжірибесін пайдалана отырып, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін темір рудасын терең өңдеудің толық циклін жолға қоюға ниетті: – бірінші кезеңде 1 млн тоннаға дейін арматура, созба сым, бұрышты болат, – екінші кезеңде 2 млн тонна профилді және жолақты болат шығарылмақ.

​Кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы енгізіледі. Бұл – өнім құрамындағы темірдің жоғары мөлшерде сақталуын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіпте ғылыми тәсіл мен заманауи технологиялардың тиімді үйлесуі өндірістің экологиялық тұрақтылығын арттыра түседі.

​Зауытты іске қосу – сабақтас салалардың дамуына берік негіз қалап, өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

​– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен ел Үкіметінің қолдауының арқасында өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып, ірі халықаралық жобалар іске асырылуда. Экономиканың стратегиялық салалары жүйелі түрде дамып келеді. Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында жалпы құны 3,6 триллион теңге болатын, 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 82 жоба бар. 2025 жылы жалпы сомасы 175,2 миллиард теңгеге 30 жобаны іске асыру жоспарланған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға көп инвестиция тартылды.​ Бүгінгі жоба – мемлекет пен бизнес арасындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі, жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты өсудің символы, – деді облыс әкімі.

«Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын білдіріп, жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты нығайтудағы қосымша дәнекер болатынына сенім білдірді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысызауытметаллургияшу ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

Тегін берілуі ​​тиіс 26 000-нан астам қаптама дәрі заңсыз сатылған

10.09.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.