2023-2024 оқу жылында Шу ауданы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде 58 педагог-психолог қызмет атқарады. Жоғарғы білімді барлығы, санаты бойынша жоғарғы санатты-1, І санатты-1, ІІ-санатты-5, педагог-модератор-22, педагог-сарапшы-5, педагог-зерттеуші-5, санатсыз-19. 2023 жылдың 31 қазаны мен 20 желтоқсан аралығында «Бестерек» жобасы аясында өткізілетін 60 педагог-психологқа біліктілігін арттыру курстары жоспарлануда. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс жасау қағидалары «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен бекітілген.
Аудан мектептерінде «Суицидке бейімділікті анықтау», «Сенің өмірде шешілмейтін жағдай болды ма?», сауалнамасы жүргізілген, нәтижелері бойынша іс-шаралар ұйымдастырылған. Мектепішілік бақылауға қойылып, педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы кеңестерде қаралды.
2023 жылдың 8 айында осы жағдайлардың алдын алу жөнінде ауданның білім мекемелерінде оқушылар және ата-аналармен 17 дәріс, 20 кездесу, 7 семинар, сұрақ-жауап арқылы 16 әңгімелесу, 11 сауалнамалар алынды.
Балаларды буллингтің және кибербуллингтін алдын алу бойынша 5-11 сынып оқушыларымен интернет жүйесіне жағымсыз сайттарға әлеуметтік желілердегі «өте нашар» топтарға абайсызда қосылып кетпеуі, ата-аналар арасында дәрістер өткізілді.
Балалардың жағымсыз сайттарға кіруін қадағалау бойынша ата-аналарға арналған «Ата-аналар бақылауы», «Smart» қосымшасы туралы тақырыбында сұрақ жауап әдісі жүргізілді.
5-11 сынып оқушылар арасында (8650 оқушы қамтылды) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Кибербуллинг», «Әлімжеттік» тақырыбында ағарту жұмысы жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді. Оқушылар арасында сұрақ–жауаптар қойылып, пікір алмасу болды. Кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар арасында психологиялық ауытқушылық пен депрессия белгілері және өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалмады. 8-10 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынып, қорытынды мониторингі жасалынды. Саулнаманың мақсаты: оқушылардың өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін байқау. Сауалнамаға қатысқан оқушы (6552). Сауалнама нәтижесі бойынша жасөспірімнің бойындағы психологиялық ауытқушылық пен депрессия белгілері және өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалмады. Сауалнамаға қатысқан мектеп саны-33, оқушы саны-6204. Білім беру мекемелерінде 5-11 сынып білім алушылар арасында жүргізілген сауалнаманын қорытындысы бойынша ешбір қауіпті фактілер, күдіктер анықталмады. Оқушыларға егер, қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбаны болса немесе кеңес қажет болса, онда мектеп психологы тарапынан көмек сұрап немесе мектеп «Сенім жәшігіне» хат жазуға болатындығы туралы кеңес берілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамсының оқу-әдістемелік кабинеті жылдық жоспарға сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында Шу ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сай өз уақытында жұмыстар орындалып, психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді.
Осыған орай, психологиялық кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында:
Шу ауданы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде (орта мектеп -37, негізгі мектеп -2), мектеп психологтары (орта мектепте-49, негізгі мектепте-2) ақпан айының 1-28 аралығында психологиялық кеңес беру айлығы» бұйрық шығарылып, жоспары да құрылды. Жоспарға сай мектеп психологтары , сынып жетекшілер және пән мұғалімдері мен әлеуметтік педагог, тәлімгер өздеріне бекітілген іс-шараны толықтай орындап шықты. 5-11 сынып (12236 оқушы) арасында «Баршаға шаттық тілейміз» тақырыбында директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары және сынып жетекшілердің қатысуымен психологиялық кеңес беру айлығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Сауалнама мақсаты: Жасөспірімдердің арасында нашақорлықтын алдын-алу. Сауалнамаға қатысқан оқушы (7280). 7-11 сынып оқушылар арасында алынған сауалнама қорытындысы бойынша білім алушылар арасында есірткі және «белсенді» заттарды қолданатын оның түрін, тарату жолдарын білетін жасөспірім анықталған жоқ. Жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралардың жиі өткізілуі тиімді және алдын алу жұмыстын аздығына назар аударды.
2022 жылдың 25 ақпан күні аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Т.Әшімбаев атындағы орта мектеп базасында «Жасөспірімдер арасын зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алуда психологиялық қызметтің рөлі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға білім беру мекемелерінен 31 педагог-психолог қатысты.
2022-2023 оқу жылында аудандағы барлық білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылық пен буллингтің, интернет-қудалаудың алдын алу шаралары ұйымдастырылуда
Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Тұлғаның өзін-өзі дамыту психологиясы», «Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары», «Street Law: барлығына арналған адам құқығы және балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау» атты тақырыптарда сынып сағаттары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Шу ауданы білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылында М.Әуезов атындағы орта мектебінің базасында «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» атты аудандық ата-аналар арасында кездесу өтті. Кездесу мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу.
Міндеті: 1) Ата-ананы психологиялық сауаттандыру, ескерту.
2) Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.
3) Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
Кездесуге Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Боранбай Бағлан Кенжеғазыұлы мен Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Анапиянова Шолпан Адильжанқызы 120 ата-анаға қатысты. «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында педагог психологы Сексенбаева Балнур Елтаевна баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.
Суицид әрекеттерінің алдын алу бағдарламасы мектептердің 8-10 сыныптарының оқушылары үшін арнап, 3 түрлі шаралар арқылы жасөспірімдердің психикалық денсалығын жақсартуға және өзін-өзі бүлдіруші мінез-құлықтарының алдын алуына бағытталған.
Шу ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде 2022-2023 оқу жылының мамыр айында 8-9-10-11 сынып оқушылар арасында «Жасөспірімдердің нашақорлыққа қатынасы» туралы сауалнама алынды.
2023 жылдың 31 наурыз күні Төле би ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің базасында «ҰБТ-ге дайындық кезіндегі өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикум өткізілетіндігін хабарлайды.
2023 жылдың 23 желтоқсан күні, сағ.9-00-де Далақайнар ауылы, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің базасында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы оның ұйымдастыру жолдары және психологиялық түзету-дамыту жұмыстарының тиімділігін арттыру» атты аудандық семинар өтетіндігін хабарлайды.
Шу ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде 2022-2023 оқу жылында 7 жайсыз отбасы бар, оның ішінде 14 оқушы орта мектепте білім алады.
2023 жылғы 31 тамызда ҚР Үкіметінің №748 қаулысымен балаларды зорлық-змбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі-Кешенді жоспар) бекітілді.
Оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірыңғай сабақтарды тоқсан сайын және өткізу (23m, мерзімі-жыл сайын қаңтар, наурыз. мамыр, қыркүйек);
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту (38m, мерзімі-қараша);
«Дағдарысты басқару» әдісі бойынша шұғыл көмек көрсету үшін интерактивті карта негізінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (2m, мерзімі желтоқсанда);
Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына, әлеуметтік педагогтеріне супервизия ұйымдастыру және өткізу (36m, мерзімі-желтоқсан);
Өз-өзіне қол жұмсау құралдарына (шатырға шығуды бақылау, орынсыз контентті бұғаттау, дәрілік препараттарды жауапты қолдану) қол жеткізуді шектеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу (28m, жыл сайын маусым, желтоқсан);
Әрбір білім беру ұйымында ата-ана қауымдастықтарын (аналар, әкелер, аталар клубтары) дамыту (41m. мерзімі-жыл сайын желтоқсанда);
2023 жылдың Шу қаласы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің базасында «Жасөпірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикум өткізілді.
2024 жылдың 20 наурыз күні М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің базасында «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикум өткізілді.
2024 жылдың ақпан айында Жамбыл атындағы орта мектебінің базасында “Балалар мен жасөспірмідердің арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу” педагог-психологтарға арналған аудандық семинар-практикум жоспарлануда.
Оқушылардың арасындағы зорлық -зомбылықтың алдын алу бойынша әр тоқсан сайын 7-11 сынып арасында 8212 оқушыдан жасырын сауалнамалар алынады. 2023 жылы жасырын сауалнаманы талдау кезінде отбасында,көшеде,мектепте зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар анықталмады.
Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау, анықталған жағдайда олармен және «тәуекел» тобындағы оқушылармен ары қарай жұмыстар жүргізу мақсатында алгоритм құрылды. Алгоритм сынып жетекшілеріне, ата-аналарға, Шу аудандық денсаулық сақтау мекемелеріне және жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторларына таратылып,жұмыстар атқарылуда.
Өз-өзіне қол жұмсау құралдарына қол жеткізуді шектеу бойынша 30 білім беру мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Шатырға шығып орынсыз контент жасау кейде сәтсіздік тудыратындығы, дәрілік препараттарды мөлшерден көп пайдалану адам өміріне қауіп төндіретіндігі туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік ретінде қандай сайттарға кіруге болмайтындығы түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
Жалпы білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында педагог-психологтармен супервизия, яғни кеңес беру бойынша ата-аналарға арналған жиын өткізілді. Жиында ата-аналар өз мәселелері бойынша психологтардан кеңес алды. Мектепте психологтар сұраныс бойынша үнемі кеңес беріп, тіркеу парағына тіркеп отырады.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жол картасы әзірленіп,бекітілген. Жол картасы негізінде жасалған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Диагностика жүргізіліп, нәтижесі бойынша коррекциялық, ағартушылық жұмыстар қоса атқарылуда. Жол картасы көрсетілген іс-шаралар уақытында орындалып, әлеуметтік желілерге жариялануда.
2023-2024 оқу жылында 30 педагог-психолог «Білім беру ұйымдарында зорлық- зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 80 академиялық сағаттық біліктілігін арттыру курсынан өтті.
2023 жылдың қараша айында білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына арналған «Бестерек» жобасы аясында «Деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықты оқушылардың тәуекел топтарын анықтау» тақырыбында біліктілігін арттыру курсына (24 академиялық сағат) 60 педагог-психологтар І кезеңі бойынша оқып, сол бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылдың 15-30 сәуір күндері білім беру мекемелерінің мектеп директорлары мен педагог-психологтарына арналған «Бестерек» жобасы аясында «Деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықты оқушылардың тәуекел топтарын анықтау» тақырыбында біліктілігін арттыру курсына қатысу жоспарлануда.
Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды