• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шетелдік дипломаттар Қазақстан Президентінің алдағы сайлауына дайындық барысымен танысты

turan_admin turan_admin
16.11.2022, 12:22
Қазақстан жаңалықтары
Шетелдік дипломаттар Қазақстан Президентінің алдағы сайлауына дайындық барысымен танысты
114
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы елімізде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына арналған бірлескен брифинг өткізді.

Іс-шараны бастай отырып, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаһандық геосаяси сын-қатерлерді ескере отырып, алдағы кезектен тыс сайлау Қазақстан үшін ғана маңызды емес, өйткені қазір тұрақты және өркендеп келе жатқан Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне айтарлықтай дәрежеде жауап беретінін атап өтті. «Еліміз кең ауқымды жаһандық ынтымақтастыққа, сауда мен дипломатияға жәрдемдесуге ұмтылады», — деп қосты сыртқы саяси ведомствоның басшысы.

«Бұл жол Қазақстан үшін тарихи болып табылады. Сондықтан біз президенттік және парламенттік сайлауда сайлаушылардың жоғары қатысуына үміттенеміз. [ … ] Біздің азаматтар ұлтымыздың болашағын анықтауда шешуші рөл атқаруы керек», — деді М.Тілеуберді. «Тәуелсіздіктің барлық жылдары Қазақстан халқы тұрақты, гүлденген және инклюзивті қоғам құру үшін жұмыс істеді. Біздің демократиялық құқығымызды жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асыру осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерімізді нығайтуға көмектеседі және одан әрі ілгерілеуге негіз болады».

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров президенттік сайлауды өткізуге дайындық барысы және оның негізгі рәсімдік аспектілері туралы айтып берді.

«Орталық сайлау комиссиясы өз жұмысын заңға қатаң сәйкес жүргізеді, ашықтық пен жария диалог қағидаттарында әрекет етеді. Ағымдағы сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» қолданыстағы Конституциялық заңының негізінде өтіп жатқанын атап өту маңызды», — деді Н. Әбдіров.

Оның айтуынша, ел бойынша сайлауда барлығы 10 101 учаске жұмыс істейді, ал сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат кіреді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударады.

«Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу кеше, 14 қарашада аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы жанынан барлығы 641 байқаушы аккредиттелген, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ТМД, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТүркПА, ШЫҰ, ИЫҰ байқаушылар миссияларының өкілдері, сондай-ақ 35 шет мемлекеттің өкілдері бар», — деп атап өтті ОСК төрағасы.

Н.Әбдіров дипкорпусқа президенттік сайлауды байқауға қатысуға ниет білдіргені үшін алғысын білдіріп, ОСК дауыс беру рәсімдерінің барынша ашықтығын, айқындығын және демократиялығын қамтамасыз ететініне сендірді.

Шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары Орталық сайлау комиссиясы төрағасының алдағы дауыс беруді ұйымдастыруға және сайлауды байқау процесіне қатысты көптеген сұрақтарына толық жауап алды.

Брифингке Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық миссияларының әрі ЕҚЫҰ ДИАҚБ және ТМД-дан Қазақстандағы сайлауды байқау жөніндегі миссияларының басшылары да қатысты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.