• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.10.2026, 17:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

turan_admin turan_admin
05.06.2025, 16:11
Бейнеблог, Қазақстан жаңалықтары
Шерзат ісі: сот үкімі шықты
576
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты алғашқы сатыдағы сот отырысы аяқталды.  Оған дәлел судья Ержан Жанұзақов айыпталушылар шығарған үкімі.

Жарыссөзді прокурор Дана Сәрсенбай бастап, айыпталушылардың іс-әрекеттерін толық сипаттап, сотта дәлелденген жайттарды тізіп шықты.

Прокурор жәбірленуші тараптың істі «топтасып адам өлтіру» бабына қайта саралау туралы өтінішіне қатысты да пікір білдірді.

«Қаншалықты ауыр әрі эмоциялық іс болса да, мен тек заң аясында әрекет етуге міндеттімін. Әркім тек өзі жасаған қылмысы үшін ғана жауап беруі керек. Сондықтан жәбірленушілердің басқа айыпталушыларға да «адам өлтіру» айыбын тағу туралы өтінішін қолдауға объективті негіз болған жоқ», – деді прокурор.

Сондай-ақ, Дана Сәрсенбай шындықты анықтауға кедергі келтіріп, сотты әдейі шатастыруға тырысқан адамдар бар екенін айтты. Прокурор сотқа Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Юлдаш Розыбакиев және Арлан Қазакеновке қатысты сотта жауап берген сөздеріндегі қарама-қайшылықтарды тексеру үшін Алматы облысы департаментіне жеке қаулы шығаруды сұрады. Оған қоса прокурор сотталушылардың бұрын да істі болып, одан ешқандай сабақ алмағандарын да айтты.

Сөз соңында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тұлғаларға мынадай жаза тағайындауды сұрады:

  • Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша – 23 жыл;
  • Равиль Сакиев – 99-баптың 2-бөлігі, 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;
  • Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;
  • Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл;
  • Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
  • Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
  • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
  • Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
  • Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру сұрады

Айыпталушылар соңғы сөздерінде Шерзат Полаттың туыстарынан кешірім сұрады.

Сот залында сотталушыларға соңғы сөз берілгенде олардың ата-аналары да, өздері де көздеріне жас алды. Сот залындағы адамдар күйініп, сезімге ерік беріп, үлкен бір толқыныста болды. Судья тоғыз сотталушыға уақыт шектеуінсіз-ақ соңғы сөздерін айтуға мүмкіндік берді. Олардың кейбірі кінәсін мүлде мойындамаса, кейбірі тек жартылай ғана мойындайтынын айтты. Бір айта кетерлігі, ақыры сотталушылардың ешқайсысы Шерзатты нақты кім өлтіргенін мойындамады.

Еске сала кетсек, 2024 жылы Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.

СОТ ҮКІМ ЕТТІ:

  • Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша – 23 жыл;
  • Равиль Сакиев – 99-баптың 2-бөлігі, 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;
  • Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;
  • Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл;
  • Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі –  7 жыл;
  • Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі –  7 жыл;
  • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі –  7 жыл;
  • Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі –  7 жыл;
  • Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай

Жекеше қаулы шықты. Сот прокуратураға  Розыбақиев, Қазыкен, Нұрбекова, Жақсыгелді қатысты тексеру бойынша қаулы жарияланды.

TURANINFO.KZ

Тегтер: Шерзат ісіШерзат Полат
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

12.10.2026, 10:07
Қазақстанда мәслихат сайлауы өтеді – Президент Жарлыққа қол қойды

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтеді – Президент Жарлыққа қол қойды

12.10.2026, 09:00
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44

Қордайдың «көрінбейтін алтыны»: Сарқылмас қуат көзі экономикаға не береді?

12.10.2026, 15:15

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.