• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шерхан Мұртазаның 85-жылдығына арналған «Заманның заңғар тұлғасы» атты жастар арасындағы мүшайраның марапаттау рәсімі өтті

turan_admin turan_admin
13.10.2017, 09:46
Облыс жаңалықтары
Шерхан Мұртазаның 85-жылдығына арналған «Заманның заңғар тұлғасы» атты  жастар арасындағы  мүшайраның марапаттау рәсімі өтті
498
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2017 жылдың 12 қазан күні Жамбыл атындағы Руханият орталығында халық жазушысы Шерхан Мұратазаның 85 жылдығына арналған «Заманның заңғар тұлғасы атты жастар арасындағы республикалық мүшайраның марапаттау рәсімі өтті.
Ақпан айында жарияланған жыр бәйгесіне республиканың түкпір-түкпірінен 25 ақыннан 50 шығарма келіп түсті. Ақындар мүшайра талабына сай екі тақырыпта, Шерхан Мұртазаның шығармашылығына және Жамбыл облысына арналған өлеңдерін тапсырды.
Жазушылар Одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары — Жанарбек Әшімжан, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі — Қайырбек Асанов, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы — Көсемәлі Сәттібай, «Жас алаш» газеті бас редакторының орынбасары — Оралхан Дәуіт, айтыскер ақын, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі — Ахметжан Өзбеков қазылық еткен мүшайраның алдын ала отырысы өтіп жеңімпаздар анықталған болатын.
Марапаттау рәсіміне шақырылған қонақтар ақындарды өз салтанатымен қызыл кілемде күтіп алды. Халық назарына Руханият орталығының фаэсінде Шерхан Мұртазаның тағылымды ғұмырынан сыр шертетін фильм мен қойылым ұсынылды. Шара барысында басқарма басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы сөз алып, Шерхан Мұртазаның ұлт руханияты үшін сіңірген еңбектері хақында әңгіме өрбітіп, жеңімпаз жас шайырларға шабыт тіледі.
Сонымен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығының орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық жыр мүшайрасының бас жүлдесін белгілі жас ақын, «Қараша хаттары», «Ағаштың бүрі» кітаптарының авторы Хамит Есаман иемденді. Бірінші орын дарынды ақын түркістандық Батырхан Сәрсенханға бұйырды. Ал екінші орынды облыстық «Ақ жол» газетінің мәдениет бөлімінің басшысы, рухты ақын Табиғат Абаилдаев қанжығасына байлады. Жүлделі үшінші орынды нәзік те сыршыл ақын ару Ажар Ерболған еншіледі. Ал байқаудың ынталандыру сыйлықтарына оралдық Шерхан Талап, Жамбыл облысынан Арайлы Жақсылық, Данияр Әлімқұл, Әлішер Сәрсенбіұлы ие болды. Мүшайра жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан қомақты қаржылай сыйлықтар тағайындалды.
Жүлдегерлер Шерхан Мұртазаның ұлағатты ғұмырына, қазақ руханиятына сіңірген еңбегіне арнаған жырларын оқып, шараға келген қонақтар ақындарға ризашылықтарын білдірді.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.