• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 10:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шенеуніктің өз туыстарына заңсыз алып берген нысандары үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды

turan_admin turan_admin
20.05.2022, 18:34
Абырой, Облыс жаңалықтары
Шенеуніктің өз туыстарына заңсыз алып берген нысандары үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды
1.7k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мәселелері облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
Жылдың басынан бері облыс прокуратурасы мемлекеттің мүдделеріне қол сұғу фактілері бойынша жалпы залал сомасы 1,4 млрд. теңгеден асатын 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Қазіргі таңда олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғаудың жарқын мысалы ретінде жалпы құны шамамен 300 млн.теңге болатын бес мемлекеттік меншік объектісін жымқыру фактілерін айтуға болады.
Атап айтқанда, прокуратура коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру және өтеусіз беру рәсімдеріне жүргізген талдау нәтижесінде лауазымды тұлға өз өкілеттіктерін теріс пайдалану жолымен құны 300 млн. теңгеге жуық мемлекеттік меншіктегі 4 ғимарат пен 1 жер учаскесін жымқыру фактісін анықтады.

Төрт ғимараттың жалпы ауданы 1670 ш.м., ал бір жер учаскесінің көлемі 1 га. құрайды.
2004 жылы «Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығы» МКК-нің бұрынғы директоры С.Бахтыбаев (2000-2005 жылдары басқарған) өзінің қызмет бабын пайдаланып, бес мемлекеттік объектілерді жеке меншік құқығымен өзінің туыстарына өтеусіз беру туралы заңсыз бұйрықтар шығарған.
Кейіннен 2018-2019 жылдары С.Бахтыбаев аталған мүліктерді заңсыз бұйырықтардың негізінде өзінің атына тіркеп, оның екеуін үшінші тұлғаларға сатқан, қалған үш объектілерді «Krisha.kz» желісінде хабарландыру беріп, сатуға қойған.

Осылайша С.Бахтыбаевтың өз қызмет бабын пайдалануымен ұштасқан жымқыру әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 300 млн.теңге залал келтірілген.

Облыс прокуратурасы (Тараз қаласы және облыс прокуратурасымен 2 іс тіркеліп, 1 өндіріске біріктірілді) бұл факті бойынша ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағыменмен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады және аталған объектілерге қатысты тыйым салу арқылы С.Бахтыбаевтың қалған объектілерді сату туралы қылмыстық ниетінің жолын кесті.

Сонымен қатар, Тараз қалалық прокуратурасы коммуналдық меншік объектілерін мемлекетке қайтару мақсатында сотқа аталған объектілер бойынша құқық беретін құжаттарды, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар берді.

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен бес объектілерге қатысты жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылды және мемлекетке 5 объекті қайтарылды.
Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергеліп, нәтижесінде С.Бахтыбаев 2021 жылы 29 маусымда сот санкциясымен күзетпен ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс 2021 жылдың 23 қыркүйегінде сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

Қылмыстық іс дәлелдеу тұрғысынан өзекті және күрделі болуына, сондай-ақ бірқатар процессуалдық қиындықтарға қарамастан, процессуалдық басшылық нысанындағы тұрақты қадағалау және жедел-тергеу тобының іс-әрекеттерін уақтылы үйлестіру нәтижесінде С.Бахтыбаевтың кінәсін әшкерелеуге, сондай-ақ оның кінәсінің бұлтартпас дәлелдемелерін бекітуге қол жеткіздік.

Тараз қаласы №2 сотының 06.05.2022 жылғы үкімімен С.Бахтыбаев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мемлекеттік органдарда басшы қызметін атқару құқығынан 9 жылға айыра отырып, 9 жылға бас бостандғынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Жамбыл облысы прокуратурасы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.