• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үшарал және Үржар әуежайларының жасанды ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда

turan_admin turan_admin
14.07.2022, 15:52
Қазақстан жаңалықтары
Үшарал және Үржар әуежайларының жасанды ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда
95
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Үшарал және Үржар әуежайларының жасанды ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар Алакөл көлінің жағалауын әуе көлігімен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Атап айтқанда, ұшу-қону жолақтары мен перронды қайта жаңарту, жарық-сигналдық жабдық пен периметрлік қоршауды орнату көзделген. Жалпы әуежайлардағы қайта жөндеу жұмыстары қауіпсіздік пен сапа стандарттарының деңгейін арттыруға бағытталған.

Жөндеу жұмыстарын Жетісу және Абай облыстарының әкімдіктері жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті атқарушы органдар қайта жөндеу бойынша жұмыстарды жазғы демалыс маусымның басталуына дейін аяқтауды жоспарлаған болатын. Алайда, мердігерлік ұйымдар тарапынан жұмыстың уақытылы орындалмауына байланысты нысан көрсетілген мерзімде тапсырылмаған. Осы ретте ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев Үшарал және Үржар әуежайларында жүріп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарын жылдамырақ аяқтауды тапсырды.

Үшарал және Үржар әуежайларына субсидияланатын рейстерді ұйымдастыру мәселесіне келетін болсақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан аталған рәсімдер алдын ала жүргізілген. Яғни, тиісті қаражат бөлініп, рейстерді жүзеге асыратын авиакомпаниялар анықталды.

Осылайша, өткізілген конкурс қорытындысы бойынша «SCAT» авиакомпаниясы Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан бағыттарында тасымалдаушы болып танылды. Рейстер әуе кемелерінде жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14 рейс жиілігімен, қалған уақытта 7 рейс орындалатын болады. Билеттің құны тиісінше 15 мың теңге және 16 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша «Жетісу» авиакомпаниясы жазғы маусымда 28 рейс жиілігімен, қалған кезеңде 14 рейс орындайтын болады. Рейс «L-410» ұшақтарында жүзеге асырылады, билет құны – 8 мың теңге.

Үржар – Алматы және Үржар – Нұр-Сұлтан бағытында жарияланған конкурс қорытындысы бойынша тасымалдаушы болып «Южное небо» авиакомпаниясы танылды. Рейстер «Ан-24» әуе кемелерінде жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 10 рейс жиілігімен, қалған уақытта 5 рейс орындалатын болады. Билет құны сәйкесінше 14-16 мың теңге.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, Үшарал әуежайын қайта жаңарту жұмыстары 20 шілдеде, ал Үржар әуежайындағы жұмыстар тамыз айының басында мәресіне жетеді деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, ведомство басшысы Қ.Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Үшарал және Үржар әуежайларында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде Алакөл көлінің жағалауына көліктің басқа түрлеріне деген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың саны артты.

Алматы – Алакөл:

– №221/222 «Алматы-2 – Достық», аптасына 3 рет;

– №255/256 «Алматы-2 – Достық», аптасына 3 рет;

– №211/212 «Алматы-2 – Достық», аптасына 2 рет;

– №453/454 «Алматы—2 – Достық», жазда аптасына 3 рет;

– №22/21 «Қызылорда – Семей» поезында 8 тіркемелі вагон, жаз мезгілінде, күн сайын.

 Нұр-Сұлтан – Алакөл:

– №258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық», жаз маусымында, аптасына 2 рет;

– № 54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық», аптасына 2 рет;

– № 121/122 «Нұр-Сұлтан – Семей» поезында 6 тіркемелі вагон, жаз маусымында күн сайын.

 Нұр-Сұлтан – Семей:

– 457/458 «Семей – Достық», жаз мезгілінде, күн сайын;

— 459/460 «Өскемен – Достық», жаз мезгілінде, күн сайын.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.