• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс барысы қаралды

turan_admin turan_admin
07.08.2019, 13:25
Облыс жаңалықтары
«Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс барысы қаралды
313
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс барысы қаралды.  Ондағы құрылыс жұмыстарына жауапты штабтың есебі тыңдалып, жан-жақты сараланды.

Аталмыш кешен қоңыр күзде тойлануы жоспарланған облыстың 80 жылдық мерейтойына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріліп үлгерілуі тиіс. Ондағы құрылыс жұмыстарының бүгінгі таңдағы қарқыны көңіл көңшітпейтіні жиында ашық айтылды.  Осыған аса назар аударған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын жандандыра түсу керектігін баса айтты. Ол үшін екі ауысымдық режимге негізделген жаңа жұмыс кестесі бекітілді. Сол бойынша мердігерлердің жұмысы ширатылып, қарқыны күшейтілмек. Алайда, өңір басшысы уақыттан ұтамыз деп, құрылыс сапасын назардан тыс қалдырмау керектігін қатаң ескертті.

Ол ғана емес, ендігі кезекте жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты, құрылысқа қажетті материалдарды уақытылы жеткізіп отыру жайы да сөз болды. Бұл орайда материалдарды өндірушілермен  алдын-ала келісімге отырып, қажетті бұйымдарды күні бұрын дайындатқызып қоюдың маңыздылығы айтылды.

Облыс басшысы бұл жұмыстарды күнделікті өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Сондай-ақ осы күні түсқайта Тараз қаласындағы бағдаршамдар, жол белгілері, жарықтандыру, жол қозғалысы мәселелері  бойынша жиын өтті. Онда күн тәртібіндегі мәселе бойынша қала әкімі Қайрат Досаев баяндама жасады.

Бүгінде облыс орталығында барлығы 1330 даңғыл, көше, бұрылыс болса, оның 39 пайызы асфальтбетонды жолдар. Қалғаны шағал, топырақты көшелер. Айта кету керек, өткен жылы бұл бағытта 500 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 2,1 миллиард теңге қарастырылған. Оның 1 миллиард теңгесі қалалық бюджетке, 1,1 миллиард теңгесі облыстық қазынаға тиесілі.

Асқар Исабекұлы қала ішіндегі жолдардың сапасы шын мәнінде сын көтермейтінін ашық айтты. Тұрғындар тарапынан да көтеріліп отырған басты мәселелердің бірі осы екенін жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, тиісті көрсеткішті жақсарту керектігін тапсырды.

Сонымен қатар қаладағы орынсыз орналасқан бағдаршамдар мен жол белгілерінің олқылықтарын жіпке тізгендей атап көрсеткен өңір басшысы бұл мәселердің бұған дейін сан рет көтеріліп, нақты тапсырмалар берілгенімен, еш нәтиже шықпағанына қынжылыс танытты. Бұл бойынша жауапты басшыларға соңғы мәрте ескерту жасап, он күн уақыт беріп, тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Ол ғана емес, басқосуда Тараз қаласының оңтүстік айналма жол және қаладағы жол жөндеу жұмыстарының барысы да кеңінен сараланды.

Аймақ басшысы алда облыстың сексен жылдық мерейтойы келе жатқанын тілге тиек етіп, барлық жұмыстар оған дейін тиянақты түрде тындырылу қажеттілігіне назар аудартты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.