• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сарапшылар зерттеуі: Қазақстанда қай жаста неке құру қажет

turan_admin turan_admin
09.09.2020, 17:19
Заң
Сарапшылар зерттеуі: Қазақстанда қай жаста неке құру қажет
175
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен «Ерте жастағы неке» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, сарапшылар Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысымен таныстырды.

Дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ сарапшылары, сондай-ақ, осы тақырыпта зерттеулер жасап жүрген қазақстандық және шетелдік мамандар қатысты. «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ төрағасының орынбасары Әсем Қайдарованың айтуынша, адам
өміріндегі басты құндылықтардың бірі отбасы екенін ескерсек, ерте жастағы неке бүгінде қоғам үшін өте ауыр, әрі өзекті проблема болып тұр.

«Ерте жастағы неке бүгінгі қоғам үшін өте үлкен проблема. Статистиканың өзі де ерте жастағы некелердің 90 процентініңолашағы жоқ екенін, арты ажырасуға апарып соғатынын көрсетіп отыр. Осы саладағы сарапшылардың пікірінше, отбасының бұзылуы да көп жағдайда ерте шаңырақ көтергеннен болады. Өйткені, отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайын болмаған бозбалалар мен бойжеткендер өздеріне түскен салмақты көтере алмай қалып жатады», — деді Әсем Қайдарова.
Әлеуметтік зерттеудің қорытындысымен Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Әйгерім Әшімова таныстырды. Сарапшының айтуынша, 2019 жылы 984 қыз кәмелеттік жасқа толмай неке қиған.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, кәмелеттік жасқа
толмай үйленген бозбалалардың саны былтыр 70 болған. Сондай-ақ
сарапшы ерте аяғы ауыр болған әйелдердің де кестесін ұсынды. Соған
сүйенер болсақ, биылдың өзінде алғашқы жарты жылдықта 15-18
жасында аяғы ауыр болған 3398 жағдай тіркеліпті. Оның 552-сі түсік
тастауға жүгінген.
«Зерттеу барысында ерте жастағы некелердің көбі тұрақсыздыққа
әкелетінін және арты ажырасуға апарып соқтыратынын анықтадық. Өйткені, екі жас арасында өзара түсініспеушілік туындап, бір-бірін кеш тани бастайды. Сонымен қатар, жас келіннің отбасылық рөлі шектеліп, үй шаруасы мен бала тәрбиесінен ары аса алмайды. Ерте жастағы некелердің әртүрлі факторларын зерттеп, Қазақстандағы гендерлік кемсітушілік пен маргиналдықтың деңгейін анықтауға болады», — деді Әйгерім Әшімова.
Жалпы, ерте жастағы некелердің себебін зерттеген сарапшылар
көп жағдайда жастық максимализмнің әсерінен жастардың отбасын
құруға асығатынын айтады. Бұдан бөлек, ерте есейіп, отбасылық
өмірдің дәмін татуға асығу да жастардың ерте шаңырақ көтеруіне
себеп болады екен. Ал қыздар үшін отбасылық жағдайға байланысты
әке-шешесінің үйінен кетуге асығуы да ерте тұрмыс құруға апарып
соқтыратынын жоққа шығармайды. Осы орайда сарапшылар ерте
жастағы некенің зияндарын да тізіп өтіп, солардың қатарына
жыныстық жолмен келетін аурулар жайлы білместіктің кесірінен
болатын зардаптарды да жатқызды. Сондай-ақ бала тәрбиесіне дұрыс
көңіл бөле алмау, әйелдердің ары қарай білімдерін жетілдіре алмауы,
содан туатын зорлықтар мен кемсітушіліктер де бар. Осылардың бәрі
және алып қашу, аяғы ауыр болып қалу сынды мәселелерден кейінгі
мәжбүрлі неке құрудың көбі ажырасуға апарып соқтырады екен.
Сайып келгенде әлеуметтік зерттеуге қатысқан респондендтердің
дерлігі неке құру үшін ең оңтайлы жас – 25 және одан жоғары дегенді
атап өтті. Яғни, алдымен білім алып, одан кейін мансап құрып, өмірлік
тәжірибе алған соң ғана көтерген шаңырақтың баянды болатынын
меңзейді. Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің гендерлік саясат бойынша Қырғыз Республикасындағы маманы Нора Сүйінәлиеваның айтуынша, әлемде 12 миллион адам кәмелеттік жасқа жетпей неке құрады екен. Ал оның 4,4 миллионы, тіпті, 15 жасқа жетпей шаңырақ көтереді. Бұл кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жылына орта есеппен 33 мың неке тіркеліп отырады деген сөз.
«Сондықтан, мұндай проблема бүкіл әлемде бар. ЮНИСЕФ-тің
анықтамасы бойынша, шаңырақ көтерген екі адамның бірі кәмелеттік
жасқа толмаған болса, мұны «Балалар некесі» дейді. Яғни, бізге де әр
нәрсені өз атымен атауымыз керек және мұнымен бірлесе күресіп,
алдын-алуға міндеттіміз», — дейді Нора Сүйінәлиева.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Рухани жаңғыру»
ҚҚДИ сарапшылары бойжеткен қыздардың біліміне, жыныстық тәрбиесіне, жалпы жан-жақты дамуына отбасы болып, қоғам және
мемлекет болып бірге инвестиция құю қажет деген тоқтамға келді.
Қыздардың білім деңгейін арттырып, ерте жастағы некеден келетін
кесапаттар жөнінде, кәмелеттік жасқа жетпей жыныстық қатынасқа
түсудің зияндары жайында жан-жақты ақпараттандыру мен үгіт-
насихатты күшейту керек деген қорытынды шығарылды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15
Жамбыл облысында адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жалғасып жатыр

Жамбыл облысында адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жалғасып жатыр

06.08.2026, 16:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.