• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сапарбаев: Осы айдың соңына дейін инфекциялық аурухана дайын болуы керек!

turan_admin turan_admin
10.09.2020, 11:49
Облыс жаңалықтары
Сапарбаев: Осы айдың соңына дейін инфекциялық аурухана дайын болуы керек!
186
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ең алдымен аймақ басшысы шаһардағы демалыс орындарының бірі Арбатқа ат басын тіреді. 3 бөліктен тұратын демалыс орнындағы құрылыс жұмыстары әлі жүруде. Жобалаушылардың идеясы бойынша «Арбат» жаяу жүргіншілер жолы «Көне Тараз» кешені мен Қарахан баба кесенесін байланыстырмақ. Онда жалпы ауданы 2,5 гектарды құрайтын ұзындығы 320 метрлік сазды субұрқақ іске қосылады. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берген Бердібек Сапарбаев бұл жермен өтетін жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін ойластыруды тапсырды. Өйткені екі жерден кесіп өтетін көлік жолы апат тудыруы мүмкін.

«Мына жерден бала жүгіріп шықса, машина да келіп қалса жаман болады. Бұл проблема!», — деп ескертті аймақ басшысы.

Нысанға бірге келген Тараз әкімінің орынбасары Асхат Есенәлиев көліктерің жолын басқа жаққа бұру мүмкін еместігін жеткізді. Өйткені осы маңайдағы аулаларға апаратын басқа өткел жоқ. Арбат ішін екі жерден су арнасы да кесіп өтеді. Бірақ олардың қазіргі жағдайы облыс әкімінің көңілінен шықпады. Осы жермен серуендеп жүретін тұрғындар қоқыс тастап әбден көркін қашырып тастаған.

Кезіндегі перинаталдық орталық орнында инфекциялық аурухана жұмысын бастауы тиіс. Онда қазір қайта жабдықтау жұмыстары қарқынды жүруде. Жоспар бойынша 3 блоктан тұратын нысан 200 төсек орынға шақталған. Тамыз айының басында басталған жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталған. Мердігерлердің айтуынша, әрлеу, ішкі жалғау жұмыстары ғана қалып тұр.

Блоктарды өзі аралап шыққан Бердібек Сапарбаев ішкі бөлмелерді жоспарлағанда санитарлық талаптарды ұмытпау керектігін ескертті. Емделушілерге жайлы жағдай жасалуы керектігіне мән берді.

«Мұндағы жылу жүйелерін толықтай ауыстырамыз. Бұрынғы шойын батареялардың орнына пластик, биметалды материалдардан жасалған жүйе болады. 40 адам жұмыс істеп жатыр. Кафель төсеушілер жетіспейді. Қазір 7 адам осымен айналысады. Негізі 15 жұмысшы болса, жұмыс тезірек жүруші еді»,- дейді «Талас-Құрылыс» ЖШС-нің учаске басшысы Самат Ақатаев.

«Қандай мәселе болмасын, 1-ші қазанға дейін аурухана дайын болуы керек!»,- деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.

Мердігер мекеме өкілдері еш кедергі болмаса, белгіленген мерзімнен бұрын жұмыстарды аяқтауға ниетті екенін білдірді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.