• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Салық қарызын өндіріп алу: 2026 жылы азаматтарды қандай жаңа өзгерістер күтіп тұр

Қазақстанда 2026 жылы Салық кодексінің жаңартылған нормалары күшіне енеді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
11.12.2025, 22:01
Қазақстан жаңалықтары
Салық қарызын өндіріп алу: 2026 жылы азаматтарды қандай жаңа өзгерістер күтіп тұр
22
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл өзгерістер салықтық берешекті өндіріп алу тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ салықтық әкімшілендірудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаментінің қарыздық жұмыс басқармасының басшысы Аймахан Енбаев мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласындағы 5 желтоқсандағы мәлімет бойынша жалпы салықтық берешек 103 млрд теңгені, оның ішінде 58 млрд теңге негізгі қарызды құрайды. Жыл басынан бері салық органдары 10 млрд теңгеден астам соманы өндірген. Мемлекеттік органдардың өкілдері енгізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер жүйені барынша әділ, сараланған және адал бизнеске қолайлы етуге бағытталғанын атап өтті.

Ең маңызды жаңашылдықтың бірі – салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу кезінде Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудан бас тарту. Бұрын салық төлеушілердің тәуекел деңгейіне төмен, орта, жоғары деп бөлінуі, оларға мәжбүрлеу шаралары қолданылатынын немесе қолданылмайтынын анықтаған. Бұл кей жағдайларда берешек сомасы аз болса да, бизнес қызметіне әсер ететін шектеулер енгізуге әкелген. 2026 жылдан бастап бұл көзқарас толықтай жойылады. Енді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы шешім тәуекел санатына емес, тек қана берешек мөлшеріне байланысты болады.

Жаңартылған Салық кодексінде мәжбүрлеу шаралары қарыз мөлшеріне қарай нақты сатыландырылады. Бұл тәсіл әкімшілендірудің ашықтығын қамтамасыз етіп, аз мөлшердегі берешек үшін бизнестің жұмысын тоқтатуға жол бермейді.

20 АЕК-тен аспайтын (86 500 теңгеге дейін) берешек кезінде тек ең төменгі шаралар қолданылады: – өсімпұл есептеу; – салық төлеушіге хабархат жолдау.

Банктік шоттарға шектеу қойылмайды.

  20-45 АЕК (86 500 – 194 625 теңге) аралығындағы берешек кезінде: – салық органы хабарлама жібереді; – хабарлама орындалмаған жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылады; – борышты өтеу үшін инкассалық өкімдер қойылуы мүмкін.

45 АЕК-тен жоғары берешек кезінде: – мүлік сауда-саттыққа шығаруға дайындық аясында сипатталады; – салық төлеушінің дебиторлары арқылы берешекті өндіріп алу жұмыстары жүргізіледі.

 Бұл тетік салық міндеттемелерінің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етіп, адал кәсіпкерлікке шамадан тыс қысымды болдырмайды.

«2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер бойынша берешекке қатысты банктік шоттар операцияларын тоқтату тәртібі де өзгереді.Егер қарыз көлемі 6 АЕК-тен (25 950 теңгеден) асса, хабарлама тапсырылған күннен кейін 10 жұмыс күні өткен соң шығыс операциялары тоқтатылады. Бұл ретте шектеу тек берешек сомасы шегінде ғана қолданылып, кәсіпорынның толық жұмысын бөгемейді.

Ірі борышкерлерге қатысты қосымша шаралар енгізіледі. Егер 27 000 АЕК-тен (116 млн теңгеден) асатын қарыз үш ай бойы өтелмесе, сот салық төлеушінің елден шығуын шектеуі мүмкін. Алдымен салық органдары міндетті түрде хабарлама жіберіп, борышты ерікті түрде өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, салықтар бойынша мерзімін ұзарту және бөліп төлеу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Белгіленген критерийлерге сәйкес келетін компаниялар кепілсіз кейінге қалдыруды ресімдей алады. Уақытша қаржылық қиындықтары бар салық төлеушілерге 1500 АЕК-ке дейінгі (6 487 500 теңге) берешекті бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі», – дейді спикер.

Импорттаушылар өндірісте пайдаланылатын шикізат пен материалдар бойынша ҚҚС-ты кейінге қалдыру құқығына ие болады.

Бұл өзгерістер бизнеске қолдау көрсетуді, оның қаржылық тұрақтылығын сақтауды және экономикалық белсенділікті арттыруды көздейді.

Астана әкімдігі

 

Тегтер: АстанакодексСАЛЫҚ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.