• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сағынтаев: Жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жоқ

turan_admin turan_admin
23.10.2018, 14:59
Қазақстан жаңалықтары
Сағынтаев: Жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жоқ
109
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі үкімет отырысында мәлімдеді.

 

«Жалпы, 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша инвестициялар тартудың барлық тиімді көрсеткіштерінің өскенін министр баяндамасынан байқадық. Жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары құрылуда. Инвесторларға барлық деңгейде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр және инвестициялар тартудың жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Дегенмен, біраз жағдайларға назар аудару керек болып отыр. Қазір барлық өңірде әкімдердің арнайы орынбасарлары тағайындалды, «KazakhInvest» өкілдерімен инвесторларға көмек көрсету орталықтары ашылды, өңірлік инвестициялық штабтар құрылды. Осылайша, инвесторлармен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалды.Сондықтан, барлық әкімдер осы мәселеге барынша жауапкершілікпен қарап, жұмысты үйлестіруі және өзара іс-қимылды күшейтуі қажет», — деді сөз басында Сағынтаев.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы жеке инвестициялар көлемін арттыру қажеттілігін баса айтты.

«Жеке инвестициялар үлесінің төмендігі бюджеттік инвестициялар көлемінің артуына байланысты орын алып отыр деген пікір айтылды. Ия, ондай жағдай бар. Алайда, мұны қабылдауға болмайды. Егер, біз осылай қол қусырып отыратын болсақ, бүкіл жұмысымыз бюджетке қарап қалады. Көрсетіп өткендей, Шымкентте инвестиция өсімі 275% болса, жеке инвестиция үлесі 65%», — деді Сағынтаев.

Премьер-министр дәл осындай жағдай Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Астана қаласында байқалып отырғанын атап өтті.

«Яғни, жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жоқ. Жұмыстың бәрі бюджеттен ақша алу, республикадан ақша алу, квазимемлекеттік компаниялардың инвестицияларын алып келу болып отыр. Ал жеке кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерлікті тарту жоқ», — деген Сағынтаев осыған әкімдіктердің баса назар аударуын талап етті.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы елшіліктердің негізгі жұмысы инвестиция тарту екенін еске салды.

«Қай елден қай елшіліктің көмегімен қанша инвестиция келгенін саралау керек. Біз жалпы түрде ұсынамыз. Ал оның ішінде, бәлкім бір ғана елшілік жұмыс істеп отырған шығар», — деді Сағынтаев.

Ол сондай-ақ инвестфорумдар аясында қой қойылған меморандумдар шеңберінде атқарылған жұмыстарға арнайы мониторинг жүргізу қажеттілігін де атап өтті.

 Дереккөз baq.kz сайтынан

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.