• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Құран оқу мен жаттаудың сыры неде?

turan_admin turan_admin
05.11.2017, 21:34
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Құран оқу мен жаттаудың сыры неде?
1.5k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Құран оқу мен жаттаудың сыры неде?
Адамзатты жоқтан бар еткен, құлшылық атаулының бәріне тек Өзі ғана лайық болған Ұлы Раббымызға мақтау мен мадақтар, ал Елшісі әрі құлы Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болғай.
Адамзатты тура жолға бастауға жіберілген, кемел адам қалыптастыратын қағидалардан тұратын Құранның бойында бізге құпия қаншама қазына жатыр.
Жаратушы Алла Тағаланың құлдарына деген шексіз рақымдылығының айқын көрінісі – Құран кәрімнің адамзатқа тура жол көрсету үшін түсірілуі. Құран – барша әлемге түсірілген ұлы мұғжиза.
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: жария берілген садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салихалы ұрпақ» – деген болса, басқа бір хадисте Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады» – деген.
Ислам шариғаты кез келген адамға екінші бір адамның дүниесін, кәсібін, абыройын қызғануыға жол берілмейді. Тек екі жағдайда ғана қызғануға рұқсат етіледі. Ол жайында Пайғамбарымыздың (с.а.у) мүбәрак хадисінде: «Тек екі нәрседе ғана қызғаныш танытуға болады. Алла Тағала Құран беріп, онымен күні-түні құлшылық жасаған және Алла Тағала мал-дүние беріп, күні-түні қолындағы дүниесімен қайырымдылық еткен кісіге» – делінген.
Муслимнен жеткен хадисте Адамзаттың ардақтысы (с.а.у): «Расында, денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса қалған дүние түгелімен бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек» — деген. Ал, жүрек Құран оқумен тыныштық таппаушы ма еді? «Солар – иманға келгендер және Алланың еске салуымен (Құранмен) жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады» («Рағд» сүресі, 28-аят).

Мұсылман адам құран оқу арқылы тәні мен жанына шипа табады. Өйткені, Алла тағала бұл турасында «Біз Құраннан имандылар үшін шипа және мейірім түсіреміз» («Исра» сүресі, 82-аят) деп сүйіншіледі.

Құран оқыған кісіге ақыретте шапағатшы болады әрі дәрежелерді көтереді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде: «Екі нұрды оқыңдар: «Бақара» және «Әли Имран». Қиямет күні олар екі бұлт күйінде келеді және өзін оқушыларды қорғайды» — делінсе, «Мүлк» сүресі турасында: «Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса, Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі» — деп айтылады. Ал келесі бір даналық бұлағына айналған хадисте: «Қиямет күні Құран келіп: «Я, Алла, Құран оқушыны көріктендір» дейді, сонда оған қошемет тәжі кигізіледі. Содан кейін Құран: « Я Алла, одан сайын еселе!» дейді, сонда оған қошемет киімі кигізіледі. Содан кейін Құран: «Я, Алла, оған разы бол!» дейді, сонда оған разы болынады. Осыдан кейін ғана Құран оқушыға: «Оқы және биіктей түс» делінеді, сонда ол оқыған әрбір аятқа сауап жазылады» — делінген.
Құранның бір әріпін оқу он сауапқа тең: Ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтқаның келтіред: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп».
Имам Бұхари риуаятынан жеткен хадисте :«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» — делінген. Құран оқудың осыншалықты сыйы мен пайдасын білген жан оны ашуға асығары рас. Алла тағала біздерді Құранды үйреніп, онымен амал етуші құлдардан болуымызды нәсіп етсін!
Ахат ҚАЙЫПБЕРГЕНҰЛЫ,
Аудандық «Қаратау» мешітінің ұстазы.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.