• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
23.11.2026, 09:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

РАМАЗАН АЙЫНДА ҚАНДАЙ ДҰҒАЛАР ОҚУ КЕРЕК?

Рамазан – дұғалар қабыл болатын ай. Дұға қабыл болатын бұл күндері әрбір мұсылман көп дұға етуі керек. Әсіресе ауызашар уақыты – дұға қабыл болатын сәт. Сол үшін ауыз ашқанда дұға жасау – мұстахаб.

turan_admin turan_admin
24.03.2024, 12:48
Азаматтық қоғам институттары
РАМАЗАН АЙЫНДА ҚАНДАЙ ДҰҒАЛАР ОҚУ КЕРЕК?
414
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш адамның дұғасы қайтарылмайды: ораза ұстаушының ауыз ашқанға дейінгі, әділ басшының, жәбірленушінің дұғасы», – деген. Басқа хадисте Алла елшісі: «Ораза ұстаушының дұғасы қайтарылмайды», – деген. Ал Рамазан айына қатысты айды көргенде, ауыз бекітерде, ауызашарда және Қадыр түнінде төмендегі дұғалар оқылады.

1. Айды көргенде оқылатын дұға. Жалпы жаңа айды көргенде мұсылман адамның дұға етуі – мұстахаб. Талхадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Аллам! Жаңа айда бізге жеңілдік бер. Иманда, амандық және Исламда (берік ет). Менің және сенің Раббың – Алла», – деп дұға етуші еді», – дейді.

2. Ауыз ашатын уақытта мына дұғаны айтқан абзал. «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды». Бұл туралы Ибн Омардан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте былай айтылған: «Пайғамбарымыз ауыз ашқанда: «Зәхәбә Зома уәбтәллатил ‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла», – деп дұға жасайтын». Тағы бір хадисте: «Аллаһуммә ләкә сумту уә ‘ала ризқикә әфтарту», – деп дұға жасағаны айтылады.

3. Ауыз бекітерде оқылатын дұға. «Алланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім». Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә». Келесі дұға: «Уа, Алла! Сенің разылығың үшін, Саған иман келтіріп, сауапты үміт етіп, Рамазан айының оразасын толық ұстауға ниет еттім. Аллаһым менің күналарымды кешіріп, оразамды қабыл ет!». Оқылуы: «Аллаһумма инни нәуәйту ән асумә Рамаданә кәмилан ли уәжһика әл-кәрим иманан уә ихтисабан. Аллаһумма тәқаббалһу минни уә жағал зәнби мағфуран уә сәуми мақбулан».

4. Рамазан айының соңғы он күнінде және Қадір түнінде оқылатын дұға. Айша анамыз Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі! Егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем не айтуым керек?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар: «Уа, Алла! Расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!» – деп айт деп үйретеді. Оқылуы: «Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни».

 

Медет ҚҰРМАШҰЛЫ,

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы

«Иман» журналы, №3, 2024 жыл

Тегтер: Дұғарамазан айы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ФАТФ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ФАТФ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

03.11.2026, 07:51
Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

23.10.2026, 12:21
Айбек Әжібаев «Әділет» партиясында жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Әжібаев «Әділет» партиясында жаңа қызметке тағайындалды

19.10.2026, 18:11
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ербол Абуталипов Луговой округінде ауыл өнімдерін өңдеу мен өткізуге бағытталған бастамаларды қолдамақ

23.11.2026, 09:34

Ердос Сақпанқұлов Көкдөнен мен Жақсылықтағы су мәселесін аудан деңгейінде көтермек

23.11.2026, 09:00

Асхат Әділханұлы жер дауларына құқықтық көмек пен шаруаларға қолдау көрсетуді ұсынды

23.11.2026, 02:50

Ербол Абуталипов Луговой округінде жолдарды жөндеу мен су желілерін жаңартуды ұсынды

23.11.2026, 02:32

Марат Алкереев Ақбұлақ ауылдық округіндегі сегіз көшеге асфальт төсеуді ұсынды

23.11.2026, 02:15

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.