• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 01:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

РҮСТЕМ ДӘУЛЕТТІҢ ДӘУРЕНІ

turan_admin turan_admin
24.04.2018, 08:13
Облыс жаңалықтары, Сараптама
Тараз қаласына жаңа әкімі тағайындалды
353
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен жылы Тараз қаласына басшылыққа келген Рүстем Дәулет шаһарға бір жыл әкім болды. Нақтырақ айтқанда, 2017 жылдың 2-ші наурызында әкім болып тағайындалған болатын. Осы аралықта Рүстем Рысбайұлы қаланы «гүл» қылып жібермесе де артқа шегіндіре қойған жоқ. Яғни, Нұржан Календеровтың кезінде басталған тірліктерді тындырумен болды. Дегенмен, ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстары да жоқ емес. Мәселен, ол биыл 7 жыл тазаланбаған каналдарды тазалауға айрықша көңіл бөлді. Осылайша, қоқысқа толып қалған су арналарының көзі ашылды. Сондай-ақ өткен ғасырдың аяғынан бері құрылысы тұралап қалған «сақалды» көпір пайдалануға берілді. Айша бибі көшесінің соңында орналасқан ол көпірге тіпті Елбасының өзі атбасын бұрған еді.

Тағайындаулар
Ол әкім болып келгеннен кейін бірқатар бөлімдерде ауыс-түйістер орын алды. Атап айтқанда, оның алғашқы тағайындауына Мүбәрак Жинақбаева ие болды. Рүстем Дәулет оны білім бөлімінің басшысы ретінде тағайындады. Сондай-ақ құрылыс бөлімінің басқарып келген Мақсат Нұржановтың орнына Ербол Амантаев тағайындалды. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы ретінде Нұрзат Тұрысбеков келді. Өз кезегінде денсаулық сақтау бөліміне абыроймен басқарып келген Серік Қасмақасовтың орнын Индира Қарағаева басты. Тағы бір айта кетерлігі, қалалық мәслихаттың хатшысы болып Батырбек Құлекеев сайланды. Кезінде бірқатар аудандарға басшылық жасаған оның тәжірибесі мәслихатты шыққан биігінен түсіре қойған жоқ. Сонымен бірге қала әкімінің аппарат басшысы Жандос Өмірзақов өзіне орынбасар болып барып, оның орынына Барлыбай Мейірманов келді. Қорғаныс істері жөніндегі басқарманы басқарған Ермек Абдуллаевтың орынын Көпбосын Нураддинов басты.

Сәтсіз тағайындаулар
Қалалық жұмыспен қамту орталығының басқарып келген Сәуле Қойбақованың орынына Дүйсен Ильяс тағайындалды. Орталықты көп басқара қоймаған оның орынына Алтай Стамқұлов келді. Оның да басшылығы көпке созыла қоймады. Осылайша, орталыққа жақында ғана басшы ретінде Эльмира Асқарова тағайындалып отыр. Сондықтан бұл тағайындауларды сәтті деп айта алмаймыз. Сондай-ақ осымен қатар жергілікті полиция бөлімін басқарған Қаныбек Төлешовті де қосуға болады. Себебі, оның жұмысы қалалық мәслихат және қоғамдық кеңес отырыстарында жиі талқыланып, тірлігі көңілден шықпай жүретін. Ақыры ол жұмысынан кетіп тынды.

Кетуге не себеп?
Ол жағы бізге белгісіз. Дегенмен, Рүстем Дәулеттің облысқа іскер басшы келгеннен кейін оның жұмыс жүйесіне ілесе алмауы да мүмкін. Себебі, бүгінгі күні облыс орталығында бірқатар тірліктер қолға алынып, жасалынуда. Ал олар уақытында жасалуы керек. Сондықтан облыс басшысына да өзінің ойындағыдай тірлігі тез адам керектігі де сөзсіз. Дегенмен шаһарды бір жылдан аса басқарған Рүстем Рысбайұлының жұмысына ешкім аса мін таға алмайды.

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табиғатқа жауапкершілік күнделікті әрекеттен басталады

19.11.2026, 01:02

Пациентке түсінікті әрі сабақтас медициналық көмек

19.11.2026, 00:57

Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту

19.11.2026, 00:48

Кәсіби оқудан тұрақты жұмысқа дейін

19.11.2026, 00:39

Отбасындағы сенім мен психологиялық қолдау

19.11.2026, 00:35

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.