• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

turan_admin turan_admin
10.01.2023, 23:35
Облыс жаңалықтары
ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті
166
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесуден басталды.

Жиынды облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды.

Сенат төрағасы кездесудің негізгі мақсаты — алдыға қойылған ауқымды міндеттерді пысықтап, пікір алмасу екенін атап өтті.

— Өткен жыл мемлекетіміз үшін оңай басталған жоқ.

Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде тәуелсіздігімізге үлкен қауіп төнді.

Дегенмен, халықтың бірлігінің және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл әрі уақтылы қабылдаған шешімдерінің арқасында барлық қиындықты еңсере білдік.

Шын мәнінде, Қаңтар оқиғасы ауқымды өзгерістерге себепші болды.

Елімізде кешенді конституциялық реформа іске асырылды.

Соның нәтижесінде саяси жүйеміз жаңғырып жатыр.

Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейе түсті. Парламенттің құзыреті кеңейді. Мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге баса мән берілуде.

Конституциялық реформаны іске асыру мақсатымен тиісті Конституциялық заңдар қабылданды. Соның шеңберінде мәслихаттардың да рөлі арта түсті.

Облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау процесіне өкілді орган депутаттарының, яғни сіздердің ықпал ету мүмкіндіктеріңіз артты.

Сайлау үлгісі де өзгергені белгілі.

Енді облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауы аралас сайлау үлгісі бойынша өтеді.

Аудандар мен қалалардағы сайлаулар толығымен мажоритарлық жүйеге сәйкес өткізіледі.

Президентіміз айтқандай, мұның бәрі жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырып, елдің алдында беделді жаңа тұлғалардың саясатқа келуі үшін қолға алынып отыр.

Сондықтан алдағы уақытта жергілікті өкілді органдардың жұмысы қазіргіден де жандана түседі деп сенеміз,-деді М. Әшімбаев.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы еліміздегі ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы ретінде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы белгіленгенін еске салды. 14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтетінін, палата құрамының жаңаруы жоғарыда аталған жаңа мақсат-міндеттерді іске асыруға өз әсерін тигізетінін атап өтті.

Бұл сайлауда өңірлерден 20 сенатор сайланады, оған 64 кандидат қатысуда. Жалпы, тіркелген 64 кандидаттың тек 4-уі ғана қазіргі Сенат депутаты.

— Өңірлердің мүддесін білдіретін Палата ретінде біз мәслихаттармен байланысты одан әрі күшейтуді жоспарлап отырмыз.

Осыған орай біз бірқатар басым бағыттарды анықтап отырмыз. Олар: өңірлердегі мәселелерді шешуге Сенат тарапынан жүйелі ықпал ету, заң шығару қызметіне мәслихат депутаттарын жүйелі түрде қатыстыру, қабылданған заңдардың жергілікті жерлерде орындалуын бақылау, Сенаттың заң шығару ісінен бөлек, басқа да жұмыстарына Мәслихат депутаттарының жүйелі түрде қатысуын қамтамасыз ету.

Осы орайда сіздерді де белсенділік танытуға шақырамыз.

Өздеріңізге белгілі, еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр.

Мемлекет басшысының реформаларын бірлесіп іске асыруымыз қажет.

Осы бағыттарда сіздермен бірге нәтижелі, табысты еңбек етеміз деп сенемін,- деді Сенат төрағасы.

Бұдан соң облыстық мәслихат депуттары Ерболат Саурықов, Керімқұл Бегалиев, Ерқанат Манжуов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Мырза-Ғали сөз алып, ой-ұсыныстарын жеткізіп, бірқатар мәселелерді көтерді.

Мәулен Әшімбаев барлық ұсыныс, мәселелер ескерілетінін баса айтты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.