• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

turan_admin turan_admin
25.07.2022, 13:00
Қазақстан жаңалықтары
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
862
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Асхат Аймағамбетов Zakon.kz тілшісі Тамила Языковаға сұхбат берді. Оқу-ағарту министрі балабақшаларды лицензиялау, мектеп формасы, қашықтан оқыту мен тағы да басқа сұрақтарға жауап берді. Асхат Аймағамбетов балабақшаларды лицензиялау бірден енгізілмейтінін айтты. Заң қабылданғаннан кейін жаңадан ашылатын балабақшалар ғана құжаттарын электронды түрде тапсырып, талаптарға сәйкестігін растайды. Ал жұмыс істеп тұрған балабақшалар кезең-кезеңімен лицензиядан өтеді.

 

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушылары жазғы каникулда демалатынын мәлімдеді. Осыған дейін білім саласының сарапшылары мен мамандары оқу жылын 20 тамыздан бастау мәселесін қарауды сұрап, министрлікке бірнеше мәрте жүгінген болатын. Себебі 5 күндік оқу аптасына көшкен кезде оқу күндерінің саны бірден 34 күнге кеміді. Қосымша оқу күндері күнделікті сабақтың санын, яғни мұғалімнің де, оқушының да күнделікті оқу жүктемесін азайтатынын атап өтті. Бұл педагогтер жұмысының тиімділігін арттырып, оқушылардың материалды меңгеруіне ықпал етеді. Алайда арнайы құрылған жұмыс тобы мамандардың ұсынысын қолдамай, баламалы ұсыныс енгізді. Бұл ретте өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейді. Яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады.

 

Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов елорда әуежайында биологиядан IBO-2022 халықаралық олимпиадасының жүлдегерлерін күтіп алды. Қазақстандық оқушылар Ереванда өткен жарыстан 3 күміс, 1 қола медальмен оралды. Осылайша, жас биологтар құраманың былтырғы нәтижесін жаңартты. Халықаралық олимпиадаға әлемнің 64 елінен 250 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларынан 4 оқушы қорғады. Олар республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

 

Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова «Oqu-ağartu LIVE» айдарында балабақшаларды лицензиялау туралы айтты. Оның сөзіңше балабақшаларды лицензиялау олардың жұмысын жақсартып, жемқорлықты азайтады және түрлі келеңсіз оқиғаларға жол бермейді. Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек. Бұл балаларға жасалған жағдайдың сапасы, кадрларды іріктеу, бейнекамералар орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау және т.б. негізгі талаптар. Лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізіледі және мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт беріледі.

 

Оқу-ағарту министрлігі «Желіге шолу» айдарында колледждерде тегін оқу мүмкіндігі туралы айтып берді. Биыл еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына рекордтық 128 мың грант бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 мың орынға артық. Мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі IT, инженерия, металлургия, құрылыс секілді техникалық мамандықтарға арналған. Колледжге түсу үшін бар болғаны 4 құжат тапсыру жеткілікті. Ол үшін үйден шығудың да қажеті жоқ. Талапкерлер құжаттарын Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыра алады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.