• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мердігер ұйымдарға жолдардағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

turan_admin turan_admin
15.07.2022, 12:01
Қазақстан жаңалықтары
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мердігер ұйымдарға жолдардағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды
148
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовтың бірінші жұмыс сапары Абай өңірінде өтті

Вице-министр республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» және «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолдарындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

«Өткен аптада «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тас жолында асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жүргізілген жұмыстар мен қабылданған шаралар нәтижесінде жол-құрылыс жұмыстарын қайта жандандырып, қажет ресурстарды жұмылдырдық. Құрылыс қарқынын, мамандар мен арнайы техниканың санын арттыруды тапсырдым», — деп атап өтті А. Ыдырысов.

Аталған трассаның жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайды, 16 учаскеден тұрады. Мал айдайтын және су өткізетін құбырларды орнату жұмыстары 81% — ға, ал көпірлерді орнату бойынша жұмыстар 63% — ға аяқталды. Бас мердігер —қытайлық CITIC Construction компаниясы. Жол үш өңір арқылы өтеді: Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстары.

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ вице-министрі мен ҚазАвтоЖол ұлттық компания басшысының Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында тұрғындар ұзақ уақыт тұралап тұрған құрылыс жұмыстарының басталғаны үшін алғысын айтты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар жергілікті жерлердегі  құрылыстың аяқталу мерзімдері жайлы сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысқандардың барлық сұрақтарына жауап берілді.

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларымен және қызметкерлерімен кеңейтілген жұмыс кеңесі өткізілді. Жол-құрылыс жұмыстарын одан әрі ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Осылайша, мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын арттырып, күн сайын учаскелердегі арнайы техника мен маман санын көбейту тапсырылды.

Негізгі мақсат — жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған барлық жолдардың басым бөлігінде асфальтбетон жабынын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, айналма жолдардың санын қысқартуға ерекше назар бөлініп отыр.

«Құрылысы ұзаққа созылған әр күре жол бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Нәтижесінде бірқатар тас жолда жұмыстар қайта жанданды. Мәселен, олардың қатарында «Қарағанды-Балқаш», «Қалбатау-Майқапшағай», «Атырау-Астрахань», «Қазталовка-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бейсен-Сайхин»  тас жолдары бар», — деп атап өтті ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Жалпы еліміз бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 95 учаскесі құрылыс жұмыстарымен қамтылған. Жолдарды салу кезінде инертті материалдарды тасымалдау, битуммен қамтамасыз ету, климаттық жағдайлар, персоналдың қажетті арнайы құралдармен жабдықталуы сияқты факторлар аса маңызды. Аталған факторларға қатысты мәселе туындаған кезде уәкілетті органдармен бірлесе жұмыс жүргізіледі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.