• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Пияз Жамбыл облысының брендіне айналуы керек

turan_admin turan_admin
05.10.2020, 10:22
Облыс жаңалықтары
Пияз Жамбыл облысының брендіне айналуы керек
253
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында жөндеу-құрылыс жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдаймен танысты.

Аймақ басшысы алдымен аудандағы Қостөбе ауылына ат басын бұрды. Ондағы орта мектеп жанынан «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт зал, мәжіліс залы, үш оқу кабенті мен асхананы қамтитын қосымша ғимарат салынуда. Бас мердігер «Тараз Ирригация» ЖШС нысанды биыл тамызда пайдалануға беруі керек болатын. Мерзімнен кешіккені үшін кәсіпорынға үш миллион теңге айыппұл салынды. Тапсыру мерзімі 18 қарашаға созылды.

— Құрылыс екінші айға созылуда, ал оқу жылы әлдеқашан басталған. Жақында екінші тоқсанға аяқ басамыз. Жұмыстарды жеделдетіп, екінші тоқсан басталғанға дейін аяқтау қажет. 1 қарашаға дейін нысан тапсырылуы тиіс, — деді облыс әкімі.

Б.Сапарбаев жоспардан тыс Қостөбе ауылындағы Әулиеата мен Қонаев көшелеріне ат басын бұрды. Бұл көшелерде үш айдан бері жолдар, тротуарлар мен арықтардың құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайды.

— Жұмыс тым ұзаққа созылды. Мен екі ай бұрын осында болған кезбен салыстырсам өзгеріс көп емес. Бұл өте қымбат жоба, мұны қабылдауда өте мұқият болыңыздар. Биыл аудан тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бюджет қаражатынан 12,9 миллиард теңге бөлінді. Дегенмен кейбір жобаларды жүзеге асыру мерзімдері кешіктірілуде. Келер жылы қаражатты бөлу кезінде бюджет ақшасын барынша тиімді пайдаланатын аудандарға басымдық берілетінін ескеріңіздер, — деді өңір басшысы аудан әкімі Нұржан Нұржігітовке қарата.

Ал, Бурыл ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Мұнда гимнастикалық және ойын залдары болады. Жобаның құны 349 миллион теңгені құрайды. Мердігер «Тараз құрылыс Дизайн» нысанды ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Бердібек Сапарбаев әкімшілік үй-жайларды қысқарту арқылы спорт залдарының аумағын барынша кеңейтуді тапсырды.

Оған жақын маңда 180 орындық Мәдениет үйі бой көтеруде, ол да қазан айының соңына дейін тапсырылмақ. Облыс әкімі мердігерлер ғимараттың ішкі құрылысына ғана емес, қасбеттің безендірілуіне де жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтті. Жергілікті Жеңіс саябағында да абаттандыру жұмыстары басталыпты. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқталатын болады.

Түймекент ауылындағы «Қарлығаш»  балабақшасының күрделі жөндеуі аяқталған. Мекеме басшылығының айтуынша, мұнда 1983 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ғимарат ішінде су құбыры мен кәріз жүйесі жүргізілген. 140 орынға есептелген балабақшада қазіргі таңда 75 бала тәрбиеленуде.

Түймекент орта мектебіндегіндегі күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Қазір еңбек сабақтарына арналған шеберхананы жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Ал демеуші есебінен киім шешетін орын салынуда. Сондай-ақ, демеушілік қаражатқа мектеп аумағының бір бөлігін асфальттау жоспарлануда.

— Мектепті жөндеу және оның сыртқы келбетін жақсарту маңызды. Балалар үлкендердің қамқорлығын сезініп, жақсы жаққа қарай өзгергенде, бұл білім беру үдерісіне оң әсер етеді, — деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Бүгінде Байзақ ауданының алқаптарында пиязды жиі кездестіруге болады. Дегенмен, бұл көкөністі сақтау әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр, өйткені ол өте ерекше күтім мен арнайы сақтау шарттарын талап етеді.

Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, ауданда әрқайсысының сыйымдылығы 20 мың тонна болатын екі қойма бар. Қазір олар 15 мың тоннаға толтырылған. Ағымдағы жылы Байзақ ауданының алқаптарында 100 мың тонна пияз жинау жоспарланып отыр. Бұл көкөністі өсірумен шаруа қожалықтары ғана емес, қарапайым отбасылар да айналысады.

Қырықбаевтар отбасы биыл 18 гектар жерге пияз еккен. Оған тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Егістік басынан пияздың келісін 35 теңгеден сатып алуға болады. Өнім жинау қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындардан құралған жұмысшылар жинаған әр қабы үшін 80 теңгеден алады. Бір күнде жұмысшылар 8 мың теңгеге дейін табыс табады. Облыс әкімі Б.Сапарбаев фермерлер отбасының жұмысын жоғары бағалады.

— Осы жазда жақсы жұмыс істегендеріңіз көрініп тұр. Өнім жақсы. Қазір ең бастысы – бұл өнімді көктемге дейін сақтау. Сонда оның құны едәуір артып, біздің фермерлер лайықты ақша табатын болады. Бізге осы бағытта жұмыс істеп, көкөніс қоймаларын көбейту керек. Бұл көкөніс біздің еліміздің барлық аймақтарында өсе бермейді. Сондықтан пияз Жамбыл облысының брендіне айналуы қажет, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Аудандағы «Яшар» шаруа қожалығы 25 гектар жерде қант қызылшасын өсіруде. Биыл пестицидтердің құны өскен, ал шикізатты қабылдау бағасы бұрынғы деңгейде қалған. Қазір «Мерке қант зауыты» ЖШС қызылшаның келісін 20 теңгеден қабылдауда, оның 12 теңгесін мемлекет субсидия ретінде төлейді.

— Нарықта монополист болса олар өзінің ережелерін айтып, жеңілдік жасамайды. Сондықтан шаруалар оларға тәуелді болады. Шаруа қожалықтары қауымдастыққа бірігіп, өздерінің шағын  қант зауытын салуы керек. Сонда шаруалар өздеріне ыңғайлы жағдайда жұмыс істеп, егістік көлемін қорықпау ұлғайта алады, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, «Яшар» шаруа қожалығының басшылығы «Меркі қант зауыты» ЖШС шикізатты тек кешкі алтыға дейін ғана қабылдайды деп шағымданды. Көптеген диқандар өз өнімдерін бұл уақытқа дейін жеткізуге үлгермейтіндігін айтып, змуыттың қабылдау уақытын ұзартуды сұрайды. Сондай-ақ, кәсіпорын шикізатты тек 1 желтоқсанға дейін қабылдайтындығын хабарлаған. Аймақ басшысы шаруаларға бұл жағдайды өзі бақылауға алатындығын баса айтты.

Бүкіл облысқа танымал «Ағали» шаруа қожалығы әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен ғана емес, ірі қара малын бордақылау және сүт өнімдері мен шұжық өндірумен айналысады. Ал жақында бұл шаруашылық құлпынай өсіре бастаған. Биыл бұл жидек бес гектарға отырғызылыпты.

Нәби Ағалиевтің айтуынша, шаруашылық тұрақты дамып келе жатқанын айтып, облыс орталығында сауда нүктелері қажеттігін жеткізді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев шаруаның бұл мәселесін шешіп беруге облыс әкімдігі көмектесетінін айтып сендірді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.