«Біз біргеміз Қазақстан-2030» қайырымдылық қорының атышулы басшысының шамамен 80 миллион теңгеге бағаланған люкс автокөлігі онлайн сату платформасында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК мәліметінше, Перизат пайдаланған 2024 жылғы Mercedes-Benz автокөлігі 7 сәуір күні аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ.
Сипаттамада аккумуляторының отырып қалғаны себепті көліктің техникалық жай-күйін тексеру мүмкін еместігі айтылған. Сондай-ақ, аталған автокөлік мемлекеттік заңды тұлғаларға сатылмайтыны көрсетілген.






