• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде Ораза айт намазы оқылды

turan_admin turan_admin
15.06.2018, 12:06
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде Ораза айт намазы оқылды
299
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қасиетті Рамазан айын құлшылықпен, абыроймен атқарып, мүбарак Ораза айт мейрамына да жеттік. Бұл мереке – мейірім мен махаббаттың, ізгілік пен имандылықтың, татулық пен бауырмалдықтың, кішіпейілділік пен кешірімнің салтанат құратын мерейлі мерзімі.

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:30-да қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Ораза айт намазы оқылды.

Мүбәрак Ораза айт намазына облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы да қатысып, барша мұсылмандарды ұлық мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

— Мен барша жамбылдықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Рамазан айында мұсылмандар Алланың разылығы үшін ораза ұстады. Ниеттеріңіз қабыл болсын! Сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін, — деді аймақ басшысы.

Дәстүр бойынша, қасиетті Құран оқылып, орталық мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Ораза айт мерекесінің қадір-қасиеті жөнінде және ысырап туралы уағыз айтып, жамағатты ауызбіршілікке және тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қайырымдылық жасауға шақырды.

— Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қи­май қоштасып жатырмыз. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, Рамазан айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кез­дескен қиындықтарға сабыр етіп, Жа­ра­ту­шы Иеміздің разылығына ұмтылды. Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Еңбектеген сәбиден еңкей­ген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін!, — деп ізгі ниетін жеткізді.

Қасиетті Ораза айт намазы оқылғаннан кейін, бас имам Данияр қажы Әлимұхамедұлының құтпа оқуымен жалғасты, артынша бас имам күллі мұсылман қауымының амандығы, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін дұға жасап, артынан ардақты ақсақалдар батасын берді.

Мешіт ауласында жамағатқа айттық дастархан жайылып, тамақ таратылды.

Орталық мешітке жиналған ағайын бірін-бірі Рамазан айының аяқталуымен құттықтап, екі ғұмырдың жақсылығын тіледі. Айт намазы қала мешіттерінде бір уақытта өткізілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

Тегтер: Айт намазыораза айт
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.