• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордай ауданында шекара маңы ынтымақтастығы орталығын құру жоспарлануда

turan_admin turan_admin
16.03.2021, 17:33
Облыс жаңалықтары
Қордай ауданында шекара маңы ынтымақтастығы орталығын құру жоспарлануда
544
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қырғызстанның экономика және қаржы вице-министрі Сұлтан Ахматов Қордай ауданына келіп, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге «Қарасу» және «Қордай» бақылау-өткізу пункттерінің қызметімен танысты.

Жұмыс сапарының басты мақсаты – «Қорғас» ШЫХО секілді «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асыруға дайындыққа негізделді. «Қарасу» БӨП арқылы негізінен жүк көліктері өтеді десек, осыған орай қазақстандық билік мұнда арнайы визалық режиммен шектесетін мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы секілді дүние құруға ниеті бар. Қосымша құны жоғары тауарларды өткізу.

Еркін экономикалық аймақтың қатысушыларына бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар беріледі. Атап айтқанда, белгілі бір мерзімге жер учаскелерін тегін беру, дайын инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндігі, корпоративтік табыс салығынан, мүлік салығы мен ҚҚС, жер салығынан босату және тағы басқа жеңілдіктер қарастырылған.

Қазақстандық тараптың мүмкіндіктерін таныстыра отырып, Бақыт Сұлтанов қырғыз әріптесіне шекараға жақын маңда 15 гектар мемлекеттік жер телімі дайын екенін, қажет болған жағдайда оны 100 гектарға дейін ұлғайтуға болатындығын айтты. Бұл расында маңызды артықшылық десек болады, себебі жеке меншік иелерінен учаскелерді сатып алуға уақыт пен күш жұмсалмайды. Ал, бақылау-өткізу пунктінің ғимараты шекараға жақын жерге ауыстырылып, іргелес аумаққа ауыр жүк көліктеріне арналған тұрақ салынады. Арғы беттегі Қырғызстанның Шу облысының шекара аймағындағы учаскелер жеке меншікте екенін айта кету керек.

Осы және басқа да факторларды ескере отырып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ынтымақтастық орталығын толығымен Қазақстан аумағына орналастыруды ұсынды. Сұлтан Ахматов бұл мәселе қырғыз билігі тарапынан жан-жақты талқыланып, екі-үш күннен кешіктірілмей жауап берілетінін жеткізді. Өз кезегінде Бақыт Сұлтанов жобаның қазақстандық тұжырымдамасы дайын екенін, оны уақыт созбай көрші елге жолдай алатындарын атап өтті.

 Бұдан соң қонақтар қайта жаңғыртылған «Қордай» бақылау-өткізу пунктіне ат басын бұрды, ол негізінен жеке адамдар мен жеңіл көліктердің өтуіне арналған. Мұнда айтарлық оң өзгерістер орын алған. Айталық, қозғалыс жолақтары екіден сегізге дейін ұлғайып, тексеру кабиналарының саны 12-ден 34-ке дейін артқан. Ал құрылыстың жалпы ауданы 4,9 мың шаршы метрге жеткен. Егер бұрын жаяу жүргіншілерді өткізу қауқарлығы тәулігіне алты мың адамнан аспаса, қазір – 25 мыңға дейін, ал шекарадан өтетін автокөліктер саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өскен. Ірі көлемді көліктерге, соның ішінде негізінен жолаушылар автобустарына арналған тексеру кешені жұмыс жасайды. Ол үшін бір көлікке бес минуттан аспайтын уақыт жұмсалады. Ал, заманауи қондырғылар сағатына 700 дана қол жүгін сканерлеуге қабілетті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.