• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі отырысын өткізді

 Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
28.08.2025, 22:27
Қазақстан жаңалықтары
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі отырысын өткізді
23
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың есебі тыңдалды. Осы жылдың жеті айындағы Қор қызметінің негізгі нәтижелері қаралды. «Самұрық-Қазына» басшылығы директорлар кеңесіне негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы есеп берді. Директорлар кеңесі экономиканың басым салаларын қамтитын ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты тыңдады. Нәтижесінде 6 жобаны қосу арқылы жобалар тізбесін 52-ге дейін кеңейту туралы шешім қабылданды. Осылайша, бүгінде 30 жоба бойынша ЕРС-келісімшарттар, оның ішінде, 24 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 4 жоба іске қосылды; 11 жоба инвестиция алдындағы кезеңде, 11 жоба жобалау кезеңінде тұр. Ірі жобалар бойынша қаражатты игеру 101%-ды, жергілікті қамту үлесі – 273 млрд теңгені құрады. Энергетика саласында Көкшетау ЖЭО құрылысы басталды, №3 энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Алматыдағы ЖЭО-2-де жаңғырту жұмыстары жалғасуда, мұнда бірінші газ турбинасын орнату аяқталған. Мұнай-газ саласында газ бөлу кешенін салуға келісімшартқа қол қойылды, сондай-ақ Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыту бойынша алғашқы өндірістік желі іске қосылды. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде, Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту бойынша теңіз ізденістері басталды. Биыл Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту және ZHETYSU контейнерлік терминалының құрылысы сияқты жобалар аяқталды. Кендірлі қаласында су тұщыту зауытының су тарату қондырғысы іске қосылып, Жаңаөзен қаласының орталық сумен жабдықтау торабына су беріле басталды. Аяқталуы биылғы жоспарланған бірқатар жобаны жүзеге асыру жалғасуда: «Достық – Мойынты» теміржол желісінің екінші жолдарында пойыз қозғалысы ішінара іске қосылды, Ақтау портында контейнерлік хаб іске қосылды, «Талдықорған–Үшарал» магистралды газ құбырының желілік бөлігі аяқталды, Алматы айналма теміржол желісінің құрылысы жалғасуда. Қордың 2025 жылдың 7 айындағы Қордың кірісі мен EBITDA бойынша нақты мәндері жоспарланғаннан тиісінше 6% және 15%-ға асып түсті. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) дамыту және Қор тобының компанияларында жасанды интеллектті енгізу туралы ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда ҒЗТКЖ-ның екі жобасы іске асырылды: Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» кен орнында ілеспе газды қайта өңдеу бойынша, ол қайта өңдеу көлемін 33%-ға ұлғайтады; белсендірілген алюминидің кешенді реагенттері жобасы, соның арқасында су дайындау кезінде судың бұлтдырлығын төмендету тиімділігі 99%-ға жетеді. Сонымен қатар қаржыландыру көздерін әртараптандыру аясында Қордың директорлар кеңесі ҚХР нарығында панда-облигациялардың дебюттік шығарылымы арқылы Сыртқы қарыз алуды мақұлдады. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» басшылығына инвестициялық жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына және нысандарды іске қосу кестесінің сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды.

Үкімет

Тегтер: КЕҢЕСҚР ҮкіметіОлжас БектеновСамұрық Қазына
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.