• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Минск қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес басшыларының отырыстарына қатысушылармен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ шағын және кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысына қатысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
30.09.2025, 17:57
Қазақстан жаңалықтары
Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
45
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Беларусь Республикасының Президентімен ұжымдық кездесу барысында өзара сауда мен экономикалық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге және келешегі зор салаларда бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға назар аударылды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорян (бейнеконференция арқылы), ЕАЭО жанындағы бақылаушы елдерден – Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Иран Республикасының өнеркәсіп, шахта және сауда министрі Сейед Мохаммад Табак, Куба Республикасының өнеркәсіп министрі Элой Альварес Мартинес, іс-шараға шақырылған елдерден – Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Али Асадов қатысты. Сондай-ақ ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және басқа да өкілдер қатысты.

 Шағын құрамда 2025 жылғы 31 қаңтарда өткен ЕҮАК отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Бірқатар ұйымдастырушылық мәселе шешілді.

 Кеңейтілген құрамда қатысушылар ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін, көлік инфрақұрылымын дамыту және тағы да басқа мәселелер бойынша пікір алмасты.

 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов өз сөзінде экономикалық үдерістерді тереңдетуге баса назар аударды. Кооперацияда, көлік-транзиттік және цифрлық салаларда елеулі әлеует бары атап өтілді.

ЕАЭО-ның жаһандық экономикадағы ұстанымын нығайтудың маңызды шарты – халықаралық ынтымақтастық және жаңа нарықтарға шығу үшін қолайлы жағдай жасау.

Жиында азық-түлікпен қамтамасыз ету және орнықты дамудың стратегиялық негізі ретінде агроөнеркәсіп кешеніне арнайы назар аударылды. Бұған дейін бірлескен өнеркәсіптік жобалар саласында қолданылып келген ЕАЭО бюджеті есебінен ауыл шаруашылығы саласына қаржылай жәрдемдесу тетіктерін тарту мәселесі пысықталды. Бұл тәсіл озық технологияларды енгізуді жеделдетіп, тұрақты жеткізу тізбегін нығайтады және ЕАЭО елдері өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Өз кезегінде, техникалық регламенттерді әзірлеу саласындағы цифрландыру жұмыстары қауіпсіздікке қойылатын бірыңғай талаптарды өзектендіруге, жеделдетуге және ашықтығын арттыра түсуге септігін тигізеді. Ал бірлескен «Цифрлық техникалық реттеу» жобасын жүзеге асыру интеграцияға жаңа серпін береді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяудағы Жолдауында алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды шынайы цифрлық елге айналдыру туралы стратегиялық міндет қойды. Қазақстан Үкіметі қазір цифрландыру, жасанды интеллекті технологияларын енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Біз жақын арада Халықаралық Alem.ai жасанды интеллекті орталығын ашамыз, ол цифрлық экономиканы, шығармашылық индустрияны ілгерілетуде және жасанды интеллекті экожүйесін құруда драйверге айналмақ. Қазақстандық IT шешімдердің экспортын ұлғайту бойынша да жұмыс істеп жатырмыз. Барлық әріптестерімді ЖИ саласындағы жобаларды қарқынды жүзеге асыруға шақырамын. Бұл біз әзірлеп жатқан Жол картасында елеулі орын алуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Қабылданған шешімдер өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кооперацияны, цифрлық ынтымақтастық құралдарын дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық орнықтылығын нығайтуға бағытталған.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы осы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтеді.

Үкімет

Тегтер: БеларусьҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.