• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Industrial and Commercial Bank of China басқарма төрағасы Лю Цзюньмен кездесу өткізді. Онда инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары және ұзақмерзімді қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды.

turan_admin turan_admin
07.06.2025, 14:31
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады
47
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы $44 млрд-ты құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. 2025 жылдың 4 айы қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі одан әрі өсіп, тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға өсті. Бүгінде Қытай Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді, жинақталған капитал салымдарының көлемі $26 млрд-ты құрайды.

Премьер-министр Қытай Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі саналатынын атап өтті.
«Мемлекет басшысы экономикаға инвестиция тарту міндетін қойды. Үкімет халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
Қазақстан мен Қытайдың екі ел көшбасшылары арасындағы тікелей достығына негізделген сенім мен сыйластық байланыстары тереңде жатыр. Біз ICBC-мен ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті дамытуға мүдделіміз. Жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру екі ел арасындағы қаржы-экономикалық байланыстарды нығайтуға және бірлескен дамудың жаңа көкжиектерін ашуға ықпал етеді», —
деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔸Қазақстанда ICBC еншілес банкі – «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ еншілес банкі жұмыс істейді. Кездесуде ICBC экономиканың негізгі салаларын қолдауға қатысқаны, оның ішінде «Бәйтерек» холдингімен бірлескен жобаларды жүзеге асырғаны атап өтілді.

✔️Осылайша, 2025 жылдың наурыз айында Холдинг «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыру үшін 430 млн юань тартты. Бұл Қазақстанның аграрлық саласын тұрақты түрде ұзақмерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.

Қазіргі уақытта «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін 1 млрд юаньнан астам сомаға қосымша несие тарту мүмкіндігі пысықталуда. Сондай-ақ 5 млрд юаньға дейінгі көлемдегі облигацияларды орналастыру арқылы Қытайдың қарыз нарығына шығу перспективасы қарастырылуда.

📌 ҚР Үкіметінің тұрақты және «жасыл» қаржыландыру жобаларын қоса алғанда, жаңа құралдарды бірлесіп жүзеге асыруға ашықтығы, сондай-ақ өнеркәсіпті, инфрақұрылымды және экспорттық әлеуетті қолдау тетіктерін дамыту әзірлігі атап өтілді.

🇨🇳 Лю Цзюнь ICBC қаржы жүйесін қолдауға және инновацияларды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым-қатынастарды, оның ішінде екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы белсенді өзара іс-қимылы арқылы нығайтуға толық мүмкіндігі бар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.