• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы аумағындағы заңсыз салынған нысандар бұзылады

turan_admin turan_admin
21.05.2021, 09:26
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы аумағындағы заңсыз салынған нысандар бұзылады
92
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұған дейін заңсыз салынған құрылыстарды, атап айтқанда, «қызыл» сызық талабын сақтамаған нысандарды бұзу бойынша нақты тапсырма жүктеген болатын. Аймақ басшысының бұл тапсырмасының орындалу барысы облыс әкімдігінде өткен кезекті кеңесте жан-жақты сараланды.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша коммерциялық кәсіпорындар құрылысының заңдылығына тексерулер жүргізілгенін жеткізді. Тексеру барысында барлығы 123 нысанның «қызыл» сызық талабын бұзғандығы анықталған десек, бүгінге дейін оның 85-і сүріліпті.

— Қалған 38 нысанға қатысты аудандық әкімдіктер тиісті шара қолданбай отыр, — деді Арман Әбдешов.

Ағымдағы жыл басынан бері «қызыл» сызықтан асқан тағы 80 нысан, одан бөлек құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидасына сай құжаттары рәсімделмеген  16 заңсыз құрылыс анықталған.

— Аудан әкімдері құрылыс нормалары мен ережелерін бұзуды жою бойынша нақты шаралар қабылдауға құлықсыз. «Қызыл» сызыққа қатысты мәселе бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Заңсыз салынған нысандарды бұзып жатқанымызбен, мына жақтан тағы да заңсыз жаңа нысандар бой көтеруде. Демек, жауапты органдар мен әкімдіктер бірлесіп жұмыс істей алмай отыр. Бәрі жауапкершілікті бір-біріне ысыра салуға дайын. Ресми хаттар жолдап қойып, жауабын күтіп отыруға үйренгенсіздер. Ал, нақты жұмысты бастауға ешкім асығар емес. Бұл бюрократия қашан аяқталады? – деп облыс әкімі сылбыр жұмыстарды сынға алды.

Аймақ басшысы құрылыс саласындағы бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою бойынша арнайы іс-шаралар кестесін әзірлеуді тапсырды. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері салынып жатқан нысандардың иелерінде тиісті рұқсат құжаттарының бар-жоқтығын зерделеп, дер кезінде қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына да құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалау тапсырылды.

Сонымен қатар, басқосуда сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары саласында көрсетілетін 11 мемлекеттік қызмет топтастырылған арнайы геопортал құру мәселесі де сараланды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.