• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ОҚ ПЕН ОТТЫҢ ОРТАСЫНДА КІМДЕР ЖҮРДІ?

turan_admin turan_admin
28.02.2020, 18:39
Абырой, Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
ОҚ ПЕН ОТТЫҢ ОРТАСЫНДА КІМДЕР ЖҮРДІ?
21k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Қордайдағы орын алған жағдайға тура 3 апта болды. Қайтыс болғандардың жаназасы шығарылып, зардап шеккендер ауруханадан үйлеріне жіберіліп жатыр. Қордайға бірінші болып барып, «шайқастың» ортасында болып, жарақат алса да соңына дейін тұрған –  жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (ары қарай СОБР) жігіттері.  Осы тұста қақтығыс ошағында болған Жамбыл облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың  аға инспекторы, капитан Алмас Боранбайұлымен сұхбаттасқан едік.

—  Алмас Боранбайұлы, Қордайдағы төтенше жағдайға байланысты сигнал қай кезде, қай уақытта түсті және сіз ол уақытта қай жерде болдыңыз?

—  Сағат 17-40 кеткенде, біз ол кезде «Динамо» спорт кешенінде болдық. Біз жедел түрде  сағат 18.00 де шығып кеттік.

 

—  Сіздер сонда сағат қаншада жеттіңіздер осы жерге?

— Сағат 21.40 кеткенде осында болдық.

 

— Сол кездегі  Масанчидегі қандай еді?

— Біз келген кезде Масанчи ауылында толқулар басталып дүнген азаматтары мен қазақ азаматтары бір біріне тас лақтырып, дүкендер өртеніп жатқан.

 

— Сонда сіздер келгенше Масанчи ауылында өрт болып жатқан еді, солай ма?

— Біз келгенде Масанчи ауылындағы үлкен дүкендерде өрт болып жатты. Біз келген бетте Қаракемер ауылында тұратын адамдарды ары қарай қуып, ал дүнген азаматтары өздері шет жаққа қарай шығып кетіп қалды. Сол жерде бір сағаттай уақыт жұмыс жасадық. Содан кейін бізді шақыртты.  Бұлар батыр ауылы болды. Бұлар батыр ауылына барған кезде ол жерде дүнген азаматтары мен қазақ азаматтары бір біріне тас лақтырып жатқан.

 

— Сіздерге көмек кеш келді ме?

— Ол жерде шындығында,  ең бірінші болып біз келдік. Біз өзі 30 адам болдық.  Жасақты полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев және  полиция подполковнигі Райқұлов Қанағат бастап келді.

— Сонда отыз»СОБР» болды ғой. Қалғандары полиция қызметкерлері ғой?

— Дүнген азаматтары да, қазақ азаматтары да екі жақта көп. 15-міз дүнген азаматтарға, 15 қазақ азаматтарымен екі жақта да жұмыс жасадық. Бір біріне күш көрсетпесін деп жанталастық. Біздің сарбаздар да жараланды.  3- сағаттай жұмыс жүргіздік. Одан кейін Қордай ауданының полициялары болды. Қақтығыс таңғы беске дейін жалғасты.

 

— Сіздерге көмекке басқа жақтан қызметкерлер келді ме?

— Шудан, Меркі аудандарынан келді. Олар келген кезде екі жақтың да демонстранттары  басыла бастаған.  Таңғы 5-те барлық жақтан көмек келе бастады. Әскери бөлім қызыметкерлері және Алматыдан СОБР-лар келді.

—  Менің білуімше Алматы полиция басшысының орынбасары таңертен келседе жарақат алып қалды. Ал бізден барған 30 жігіттің қаншауы жарақат алды?

— Біздің жігіттерден 9 сарбаз жарақаттанды.

— Жарақттардың сипаты қандай?

— Дені суық қарудан, атылған оқтан. Олар сол жерде жарақат алса да, өз міндеттерін соңына дейін атқарды. Бір сарбаздың басына тас тиді, бетінен соққы алды, сондай түрлі-түрлі жарақаттар болды. Енді бір аса ауыр жарақат алғандар болған жоқ.

— Сіздерге  демонстраттардан оқ атылды ма?

— Ол жерде оқтың қай жақтан атылып жатқанын аңғару қиын болды. Себебі қақтығыс түнгі мезгілде орын алды.  Бірақ тап біздің тұсқа оқ атылғанын  байқаған жоқпыз.

— Оқиғаға бүгін 20 күн болып отыр. Былай айтқанда мемлекет алдындағы парыздарыңызды, міндеттеріңізді атқарып жатырсыздар. Интернет желісі ол жақта өте баяу ұстайды, халықтың мүмкіндігі жоқ. Осы 20- күн бойы халықтың көңіл күйі қалай болды?

— Қазір жағдай реттелді. Бәрі орныққан. Өз орындарына келген. Бұл біздің міндет, жұмыс.

— 15-15  адамнан бөліндіңіздер ғой.  Бөлінгенде дүнгендермен жұмыс жүргізген  СОБР сарбаздары жарақаттанып отыр ғой?

-Иа солар жарақаттанып отыр.

-Сіз өз қызметіңізді атқарып жатырсыз, ел бар, жұрт бар, осы ағайын туыс бар. Ең алдымен полицияға, СОБР-ға келу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз?

-Мемлекетке қызмет атқарып отырғандықтан ең бірінші міндет халыққа қызмет көрсету ғой, бейбітшілік орнату. Егер халық тыныш болса,  бәрі жақсы болады.

-Осы 20 күн ішінде кімдерді сағындыңыз?

— Тыныштықты күзету – біздің басты міндетіміз. Мұндайда ондай сезімдерге орын жоқ. Болса да блдірмейміз.

— Сұхбатыңыз үшін рахмет!

P.S. Жамбыл облысы ДП-ның қызметкерлерінің дене жарақаттарымен  орталық ауруханаға жеткізілгендер:
1. Жамбыл облыстық СОБР инспекторы полиция аға лейтенанты Сәбит Ардақ — «аяғындағы оқтан жарақат» диагнозы;
2. Жамбыл облысы бойынша СОБР СПП инспекторы полиция аға лейтенанты Наурызбаев Нұржан — «аяғынан мылтықпен жараланған»;
3. Жамбыл облысы бойынша СОБР Қолбасшысы, полиция подполковнигі Қанағат Райқұлов — «оң жақ санынан мылтықпен жараланған»;
4. Жамбыл облысы бойынша СОБР ДП аға инспекторы, полиция капитаны Мамыралиев Байназар — «оң қолына оқ атылды»;
5. Жамбыл облысы бойынша СОБР ДП бас инспекторы, полиция капитаны Байрамов Рашид — «рваная рана правого века»;
6. Жамбыл облысы бойынша СОБР СПП инспекторы, полиция аға лейтенанты Сейдуалиев Ерлан — «оң аяғынан мылтықпен жараланған»;
7. Жамбыл облысы бойынша СОБР ДП аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Орынбаев Алмұхан — «екі аяғындағы оқтан жарақат алды»;
8. Жамбыл облыстық СОБР инспекторы полиция аға лейтенанты Ислам Жаманқұлов — «бетте және сол жақ аяғынан мылтықпен жараланған»;
9. СОБР ДП-нің жүргізушісі, Жамбыл облысының полиция аға сержанты Алматов Мейрамбек — «сол қолындағы оқ жарасы»;

Тегтер: алудпжарақатқордайМасаншы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.