• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 06:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ПАРИДА МАМЕДОВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

turan_admin turan_admin
09.03.2021, 22:37
Облыс жаңалықтары
«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ПАРИДА МАМЕДОВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
616
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова тағайындалды.

«Бүгін өңірдегі Қоғамдық келісім мекемесінің басшысын ұжымға таныстырдым. Бұл жауапты лауазымды бұдан былай Парида Мамедова атқарады. Жоғары оқу орнында жұмыс істеген оның этносаралық татулықты сақтаудағы еңбегі зор. Осы бағыттағы бірнеше ұсынысы жергілікті билік тарапынан қолдау тапқан. Дәл қазіргі уақытта аталған ұжымға жүктелетін міндет ауқымды. Рас, Қордай оқиғасынан соң аймақта көп жұмыс атқарылды. Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен өңірлерде ірге қалаған бұл мекеме сол ілкімді шаруаларды жүйелі жалғастыру қажет»,-деп жазды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев фейсбук парақшасында.

 

Айта кетейік, Парида Мамедова 2012 жылдан бері Жамбыл облысының Қазақстан халықтар ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы жетекшісінің орынбасары, 2013 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының Жамбылдық бөлімшесінің этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі сарапшылар комиссиясының мүшесі және Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының Сарапшылар кеңесінің  мүшесі болып табылады. «Жастар-зерттеу» қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы болып жүргенде ол мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны дәріптеу  мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды тақырыптарға 20-дан аса ғылыми жоба жасаған. Зерттеу жобаларының ішінде «Жамбыл облысы жастарынының мәселелері мен даму әлеуеті», «Жамбыл облысы жастарының негізгі рухани-өнегелік бағдарлары», «Жастардың әлеуметтену және ұтқырлық үдерістері», «Жамбыл облысы жастарының жұмысқа орналастыру мәселелері», «Мемлекеттік жастар саясаты және азаматтық қоғам институттарын дамыту», «Жастардың діни көзқарасы мен дінге қатынасы», «Жамбыл облысы жастарының көп мәдениетті ортасындағы этносаралық қарым-қатынас», «ЖОО білім беру жүйесіндегі жемқорлық мәселесі мен жою жолдары» және т.б. тақырыптары бар. Зерттеулер Жамбыл облысында оқып жүргендерге қоса әлеуметтенбеген жастарды да ескере отырып жоғары дәрежелі көрнекілікпен  жүргізілген. Жыл сайын Жамбыл облысының 10 ауданында және облыс орталығында әр тақырыптағы сауалнамаларға 700-ден 1500-ге дейін респонденттер қатысады. Парида Иманжанова жастар арасындағы, оның ішінде М.Х. Дулати атындағы ТарМУ студенттері арасындағы бірқатар ғылыми зерттеулердің жетекшісі болып табылады.  2013 жылы оның «Бейбітшілік мәдениеті мен этносаралық толеранттылықты қалыптастыру ерекшеліктер» атты монографиясы жарық көрді. Ол түрлы тақырыптарға 100-ден аса мақала жазған. Облыс ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топта жұмыс істеген уақыт ішінде оның басшылығымен және тікелей қатысуымен семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, сараптамалық кездесулер және дөңгелек үстелдер түрінле 150-ден аса шаралар өткізілген. Жұмыс істеген соңғы 5 жыл ішінде ол оқыту үдерісінде инновациялық әдістерді қолдану бойынша байқауларда бірінші және екінші дәрежесі грамоталарға ие болған. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі ғылыми-практикалық семинарлар мен басқа да оқыту шараларын ұйымдастыруға қатысып, Мемлекеттік басқару академиясының, ЮНИСЕФ ұйымының халықаралық сарапшыларының, ISPR әлеуметтік-саяси зерттеу институтының, Жамбыл облысы бойынша жемқорлыққа қарсылық  агенттігінің департаментінің  атаулы сертификаттары мен дипломтарынна ие болған. 2012 жылы бейбітшілік пен келісімді нығайтқаны үшін белгімен, 2013 жылы қазақстандық этносаралық келісім мен ұлттық бірлік моделін дамыту мен таратуға үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы ұлтаралық келісіді нығайтуға үлесі үшін Қазақстан Республикасы президентінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ 2016 жылы сайлауға белсенді қатысқаны үшін Президенттің алғыс хатымен және «Қазақ хандығына 550 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

 

ДЕРЕККӨЗ: http://taraz-ank.kz

 

Тегтер: басшыҚоғамдық келісім
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.