• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
08.08.2026, 02:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Неліктен пәтер бірінші және бесінші қабаттан беріледі?

turan_admin turan_admin
28.10.2019, 11:19
Облыс жаңалықтары
Неліктен пәтер бірінші және бесінші қабаттан беріледі?
188
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елбасының ұсынған бес бастамадан кейін тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүргендердің кеудесінде үміт оты қайта жанғандай. Мемлекет басшысының осынау бастамасынан кейін «7-20-25» бағдарламасы аясында еңбек етуші әр қазақстандық тұрғын үйді жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын өсіммен алуға мүмкіндік алып отыр. Облыс орталығында да осы бастама аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Дегенмен айтарлық мәселе де жоқ емес. Осы орайда Нұрлан Берікбосыновпен сұхбаттасқан едік.

-Нұрлан Маханбетұлы, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тек 1-ші қабатпен 5- ші қабаттағы пәтерлер осы бағдарлама бойынша өткерілуде. Осының мәнісін түсіндіріп берсеңіз.
— Қазақстан Республикасының тұрғын үй жинақ банкі, бұрынғы жылдары “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша үйлер соққан болатын. Бағдарлама бойынша “Арай” мөлтек ауданынан үйлер соғылған. Тұрғын үй жинақ банкі сол үйлерге оператор болған. “Нұрлы жер” бағдарламасы жүріп жатқан кезде осы 7-20-25 бағдарламасы шықты. Арай мөлтек ауданында 80 пәтерлік 6 үй салынды. Содан бізге 102 пәтер берілген еді. 15 мөлтек ауданында 80 пәтер, 9 бой көтерді. Сонымен 102 және 295 пәтер лер7-20-25 бағдарламасы бойынша берілді. Екінші деңгейлі банктер арқылы бағдарлама бойынша несиелер берілді. Бұл жұмыс былтырдан бері жалғасып келеді.
— Неліктен бірінші және бесінші қабаттан беріледі?
— Түсіндіре кетсем, жақсы пәтердің барлығы яғни 2,3,4 қабаттағы пәтерлер. Жергілікті тұрғындар мен банк алып қояды.
-Неге 7-20-25 бойынша сіздер толық бір үйді сатып алмайсыздар?
— «Баспана» деген бағдарлама бар. Бағдарлама бойынша олар айтқан әр өңірге белгілі бір суммада қаражат бөлінеді де, сол бөлінген ақшаға тек 7-20-25 бағдарламасы бойынша үй соғылады делінген. Өкінішке орай, бағдарлама бойынша үйлер соғылған жоқ. Әлі күнге дейін “Нұрлы жол”, “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында беріліп жатыр.
-Біздің облыста шағын қалалар бар, яғни Жаңатас, Шу, Қаратау қалалары. Ол жақта ескі үйлермен алуға болады ма, әлде жаңа үйлермен бе? Олар аталған бағдарламаның шарапатын сезіне алады ма?

-7-20-25 деген тек қана жаңа үйлер беріледі, яғни бұрын қолданыста болмаған. Бұл бағдарлама бойынша обьектілер көп.
— Анығында, жас жанұялар бірінші қабатта немесе бесінші қабатта тұрғысы келмейді. Қашан осы 7-20-25 бағдарламасы бойынша толыққанды үйлер беріледі?
-Бұл сұрағыңызға мен дәл қазір жауап бере алмаймын, ол бізге байланысты емес. Айтып өткенімдей “Баспана” бағдарламасы бойынша қаншама үйлерге миллиардтап ақша бөлінген. Жергілікті атқарушы органдарга сол үйді соғыңдар деп жылдың басынан айтып келе жатырмыз. Әзірге ол үйлер соғылмай отыр. Күзге қарай, бір айдың көлемінде 15 мөлтек ауданынан тағы да 8-9 үй беріледі екен. Сол “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша.
-15 мөлтек ауданынан қазіргі таңда 8-9 үй берілсе де тұрғындар әлі толыққанды көшіп келген жоқ. Олар бірінші және бесінші қабаттағы үйлерге барғысы келмейді. 7-20-25 бағдарламасының көрсеткішін төмендетіп отыр. Ол бағдарлама бойынша жаппай жастар, баспанаға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындар баспаналы болу үшін не істеу қажет? Мүдделі мемлекеттік органның атынан қандай ұсыныс бересіз?
— Үйлер “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы соғылып жатыр. Тұрғын үй жинақ банкі өзінің клиенттеріне төменгі пайызбен, жылдап ақша жинап жатқан кісілер алып жатыр. Тұрғын үй жинақ банкінен қалған үйлер беріледі дегенді оператор айтуда. Біздің қолымыздан басқа ештеңе келмейді.
-Сонда сіздер, «иә, мақұл сіздердің бергендеріріңізді аламыз» деп отырсыздар ма? Қандай әрекет жасап жатырсыздар?
-Бізге белгілі пәтерлер ғана беріледі. Біз ары қарай араласа алмаймыз.
-Сіздер көріп тұрсыздар, бағдарлама бойынша халық жаппай пәтер алып қоныс той тойлап жатқан жоқ. 20 пайызын қолына алып, жақсы қабаттан үй алғым келеді деген адамдарға әлі қолжетімсіз болып отыр.
-Біз бұл мәселені бұрыннан бері көтеріп отырмыз. 2018 жылы желтоқсан айында “Нұрлы жер” бағдарламасына өзгеріс енгізген. 7-20-25 бағдарламасы бойынша үй алатын тұрғындар тұрғын үй жинақ банкімен бірдей болу қажет. Солай жазылған, бірақ іс-жүзінде олай емес. Алдағы уақытта 8-9 үй деп жатыр осыны көреміз қалай болатынын, жақсы қабаттардан пәтерлер алып қойған деген болжамдар болып жатыр.
-Бағдарламаның жақсы жұмыс істемеуіне осылар себеп болып отыр деп ойлайсыз ғой.
-Бұл бағдарлама бойынша бірінші тұрғын үй жинақ банкі сосын біздер жауаптымыз.
-Қағаз жүзінде сіздер теңбе-тең жұмыс жасап жатырсыздар.Сонда тұрғын үй жинақ банкіне жинаған адамның ақшасымен 20 пайызбен төлеуге дайын адамның ақшасы бірдей болып тұр менің түсінгенім бойынша.
-Иә, құқықтары бірдей. “Арай” мөлтек ауданында 102 пәтер болған. Сол 102 пәтердің көбісі 5 қабаттан болған соған қарамай бүгінгі күнге 53 пәтер өтіп жатыр.
-Уақыт бөлгеніңіз үшін рақмет!

Сұхбаттасқан: Исламбек Дастан

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05
Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49
Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

07.08.2026, 17:22
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43

90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды

07.08.2026, 18:11

Жамбылдық жас айтыскерлер мен жыршылар Алина Айдаралымен жүздесті

07.08.2026, 17:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.