• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Негізгі мәселе – халықтың өмір сапасын жақсарту

turan_admin turan_admin
11.01.2022, 19:19
Облыс жаңалықтары
«Арыздардың артында тұрған мақсат – менің орнымды көздеу» – Махметғали Сарыбеков
599
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте сөйлеп, Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Бұрыңғы Үкіметтің отставкаға кетуінің басты себебі – инфляцияның өсуіне жол беру, бағаның тұрақтылығын сақтай алмау болды. Инфляцияның өсуіне байланысты азық-түлік (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар), жаңармай (бензин, дизель, газ) бағалары көтеріліп, коммуналдық төлемақылар тарифтері қымбаттады. Осының барлығы қарапайым тұрғындардың өмір сапасына теріс әсер етіп, халықтың наразылығын туғызды. Соның себебінен Маңғыстау облысында сұйытылған газдың қымбаттауына қарсы ұйымдастырылған бейбіт митингісі артынша көп аймақтарда террористік акцияларға айналды. 

Жаңа Үкіметке Президент халықтың табыстарын дамыту бағдарламасын дайындауды тапсырды. Соңғы жылдары жалақы, зейнетақы, шәкіртақы өскенімен, халықтың өмір сапасы аса жақсарған жоқ. Себебі инфляция, қымбатшылық қосымша төлемақыларды жеп қойып отырды. Ол туралы Президентте жақсы айтты. Бір жағынан Еліміздің экономикасының жалпы өсуі бар, бірақ қарапайым халықтың жағдайы өзгере қоймады.

«Nur Otan» партиясының саяси платформасының негізгі стратегиялық мақсаты – әлауқатты мемлекет құру. Бірақ мемлекет әлауқатты болу үшін, Еліміздің әр отбасы, әр қазақстандық әлауқатты болу керек. Өкінішке орай, олай болмады. 

Жалпы экономиканың дамуының аясында байлар байыды, ал қарапайым халықтың жағдайы жақсарған жоқ. Президент өз сөзінде Қазақстанның Даму банкін (БРК) мысал ретінде келтірді. Бұл банктің мақсаты оның атында тұр – Қазақстанды дамыту. Ал өмірде бұл мекеме миллиардерлердің жекеменшік банкіне айналған. «Достарға – барлығы болады, қалғандарға – заң аясында» деген ұстаныммен жұмыс істеген банк. 

Тағыда аса маңызды мәселе – аймақтардың дамуында қарама-қайшылық (диспропорция) орын алған. Ішкі миграцияның өсуі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етпеу, әлеуметтік нараздылықтың (дискомфорттың) пайда болуы – осы қарама-қайшылықтың қорытындысы. Президенттің тапсырмасы бойынша, бұл мәселе аймақтық емес, ұлттық деңгейде қаралып, шешілуі қажет. 

Мемлекет Басшысы Үкіметке «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қорды құруды тапсырды. Ол қор денсаулық және білім салаларына, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға адрестік көмек көрсететін болады. 

Қор үлкен жекеменшік және мемлекеттік қомпаниялармен, шетелдік қайырымдылық жасайтын ұйымдармен қаржыландырылатын болады. 

  Осы айтылған іс-шаралар халықтың билікке деген сенімін күшейтеді деп ойлаймыз.

Президент Үкіметке 2022 жылдың жұмыс жоспарын дайындауға үш апталық мерзім берді.

Біздің өңірде де ахуал тұрақталып келеді. Сабырлық пен тәртіп сақтап, бірлік пен ынтымақтың арқасында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыруда әр қайсымыз өз үлесімізді қосайық. 

Махметғали САРЫБЕКОВ,

Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

Тегтер: ПІКІРСАРЫБЕКОВ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.