Бүгін Арай плаза қонақ үйінде «Жамбыл жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Білім және таланттарды дамыту қауымдастығы» жобасының таныстырлымы өтті. Жоба туралы «Жамбыл жастары» қоғамдық бірлестігінің директоры Наталья Дятлова таныстырды.
Шараға арнайы құқық қорғау орган, жергілікті атқарушы билік, белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері, DAI GLOBAL ұйымының өңірлік даму директоры Алия Ниязалиева қатысты.
«Жобаның басты мақсаты білім беру, кәсіптік бағдар беру және дағдыларды дамыту арқылы жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту. Cондай-ақ, осы жобаның болашағы мен даму жолдарын анықтау. Қоғамда NEED санатындағы жастарды масылдықтан алдын алып, патерналистік көзқарастан арылту мүддесі тұр. Жоба аясында жастарға түрлі дағдыларға үйретілетін болады» деді Наталья Дятлова.
Сонымен қатар, шарада Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Сакен Мыңбаев, Жамбыл облысы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» директоры Теміржан Ізтілеуов, DAI GLOBAL ұйымының өңірлік даму директоры Алия Ниязалиева сөз сөйлеген болатын.
Шараның аяғында Екатерина Вескина ақпаратты тексеру бойынша демо класс өткізді. Ашық микрафон болып жиынға қатысушылар өз сауалдарын қоя алды.
Жоба USAID «Тұрақты қауымдастықтар» жобасы аясында жүзеге асуда.