• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұржан Нұржігітов: Өткен жылы облыстық бюджет 99,9 пайызға игерілді

turan_admin turan_admin
23.06.2022, 09:59
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов: Өткен жылы облыстық бюджет 99,9 пайызға игерілді
111
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жетінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды.

Облыстық мəслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала жəне аудан əкімдері қатысқан сессияның тұрақты комиссия отырысында облыс əкімі Нұржан Нұржігітов  баяндама жасап, облыстық бюджеттің атқарылуы мен өңірдің алдағы даму жоспары туралы хабарлады.

Аймақ басшысы өткен жылы елде болған пандемия тұсында табысын жоғалтқан салық төлеушілерге берілген салықтық рахымшылықтар мен жеңілдіктерге қарамастан облыстық бюджет кірістері артығымен орындалып, алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бергенін жеткізді.

— Өткен жылғы облыстық бюджеттің кірістері 537,4 млрд. теңгені құрап 100,3 пайызға қамтамасыз етілген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 42,3 пайызға немесе 159,9 млрд. теңгеге артқан. Меншікті кірістер жоспары 41,6 млрд. теңгеге немесе 103,5 пайызға орындалып, бюджетке 1,4 млрд. теңге жоспардан артық түскен.

Облыстық бюджет шығындары 99,9 пайызға орындалған.  Бюджетті орындау, қаражаттарды игеру мәселелері әрдайым тұрақты бақылауға алынған. 2021 жылы облыстық бюджет 99,9 пайызға игерілген,-деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң аймақ басшысы облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға  арналған бағдарламасының  орындалу барысына тоқталды. Бағдарламада өңір экономикасының өсуі, әлеуметтік сала,  инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігін арттыру бағыттары бойынша 25 нысаналы индикатор қарастырылған.

Облыс әкімі өз сөзінде барлық саланы қамтып, көрсеткіштер мен жоспарларды баядады. Бюджет қаражатынан бөлек инвесторлар тарта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, өзекті мәселелерді шешу мәселелеріне де назар аудартты.

 Өз кезегінде депутаттар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берген аймақ басшысы айтылған ұсыныс-пікірлер ескерілетін жеткізді.

Тұрақты комиссия отырысында  облыстық мәслихаттың депутаты Әуесхан Шаймерденов, облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұратхан Шүкеев хабарлама жасады. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Мұқаш Ескендіров 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жүргізген талдау барысын баяндап, жұмыстарды оң бағалады.

Осы күні жетінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезекті он сегізінші сессиясы өтті. Онда облыстың емдеу мекемелерінің тұрғындарға қызмет көрсету сапасы,  олардың материалдық – техникалық жарақтандырылу жағдайы және COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина саласына бағытталған қаражаттың тиімді жұмсалуы, облыстық мәслихатының құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссиясының атқарған жұмыстары, білім саласында сапаны қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелер қаралды.

 Мәслихат депутаттар бірқатар өзекті жайттар бойынша хабарламашылар мен басқарма басшыларына сауалдар жолдады.

Облыс әкімі барлық көтерілген мәселелер ескерілетінін айтып, оларды шешуде жергілікті билік халық қалаулыларымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

Дереккөз-Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.