• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 19:03
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МУЗЕЙ ІСІН ДАМЫТУҒА АРНАЛДЫ

turan_admin turan_admin
13.11.2017, 06:29
Облыс жаңалықтары
МУЗЕЙ ІСІН ДАМЫТУҒА АРНАЛДЫ
683
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

МУЗЕЙ ІСІН ДАМЫТУҒА АРНАЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 3 қарашасы күні Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өңірдегі аудандық музей қызметкерлері үшін «Музей ісін дамыту мәселелері мен жаңа әдістері» тақырыбында әдістемелік-семинар өткізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен өткізілген іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталды.
Тарихи-өлкетану музейлерінің қоғамда алатын орнын көрсете отырып, заманауи талаптарға сай озық тәжірибелерді анықтау, оны іс-жүзінде қолдану және музей жұмысын ілгерілетуде туындайтын мәселелерді шешу жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинарға аймақтың 10 ауданының музей қызметкерлері қатысты. Онда музей қызметіне қатысты Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттер мен бағдарлама жайында баяндамалар тыңдалып, талқыға түсті. Музейде жүйелі экскурсияны қалай ұйымдастыру керектігі оқытылып, шалғайдан келген мамандарға құжаттарды дұрыс толтыруға арналған шеберлік сағаттары өткізілді.
Семинар барысында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зубайра Сембина сөз сөйлеп, музей ісін дамытудың өзектілігі туралы баяндады. Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиеваның «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында музей жұмысын жандандыру», ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Алманқұлованың «Тарихи-өлкетану музейінде экскурсия жүргізу талаптары мен тәртібі», Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Е.Құрымбаевтың «Тарихи-мәдени мұраларды насихаттаудағы аудандық музейлердің рөлі» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.
Музейдің көрме залында «Музей құжаттарын толтыру тәртібі», «Музей жәдігерлерін қайта қалпына келтіру жұмыстары» тақырыптарында шеберлік-сағаттары өткізілді.
— Елбасы мақаласын арқау етіп өтіп отырған семинардан көп тәжірибе алдым. Соны іс жүзінде пайдаланып, алдағы уақытта нәтижелі жұмыстар көрсететін боламыз. Жалпы өзіме керекті біраз дүниені үйрендім деп айта аламын,- деді Жуалы аудандық музейінің бас қор сақтаушы.
Сондай-ақ, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология және этнография бөлімінің меңгерушісі Ж.Қосалиеваның және осы бөлімнің ғылыми қызметкері Н.Әмірбектің жүргізуімен «Археологиялық және этнографиялық жәдігерлерге ғылыми паспорт толтыру» тақырыбында шеберлік-сағат өтті.
— Кәсіби шеберлік оқытуына қатысқан әрбір қызметкердің алары мен берері көп болды. Қазіргі музей ісін дамыту үшін не істеу керек, қандай кедергі бар, осы төңіректе ойлар ортаға салынды. Мұндай шеберлік сағаттары әр ауданда өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді,- деп ұсыныс білдірді Байзақ аудандық музейінің ғылыми қызметкері Сәния Нағашыбекова.
Семинар сабағына қатысушыларға музей залдарына және «Тарихи ескерткіштер» голограммасына экскурсия жүргізілді. Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Ал аудандық музейдің бөлім меңгерушілері Алғыс хатпен марапатталды.

Айкерім САБЫР.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.